Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Автор: admin от 17-01-2024, 22:59, посмотрело: 17

0 17.01.2024ж. күні математика пәнінің мұғалімі Дауренбекова С.А. 6 «Ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтып, «Білім, Талант, Дарын» атауларымен үш топқа бөлді. Содан соң сыныпты түгендеп, үй тапсырмасының жауабын интерактивті тақтада шығарып, оқушыларға өз жұмыстарымен салыстырып тексеруін ұсынып өзі де қарап, дұрыс жауаптарға «асық» тарату арқылы бағалады. Сонымен қатар «Домбыра» әдісімен он балдық бағалауды оқушыларға түсіндіріп, бағалауға арналған «домбыраларды» таратты. Жаңа сабақпен, оқу мақсаттарымен таныстырып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын бірге анықтады. Сабақ мақсаты: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу және өмірде қолдану болды. Мақсат айқындалған соң оқушылардың зейінін сабаққа аудару және тақырыпты қайталау мақсатында «Ой қозғау» әдісімен оқушыларға сұрақтар қойылып, ережелер сұралды. Тақырыпты аша түсу мақсатында топтық жұмысқа постер қорғау берілді. Постерде оқушылар теңдеулерді шешу арқылы жауаптарын сәйкестендіріп жасырылған суретті құрап шығу берілді. Оқушылар белсенділікпен теңдеулерді қызыға шешіп, суретті дұрыс құрап тапты. Жасырылған суреттер Әл-Хорезми, О.Жәутіков, А.Жұмаділдаевтың суреттері қысқаша мәліметімен болды. Оқушылар сол мәліметті дауыстап оқып, қажетті ақпараттарды алды. Келесіде «Кім жылдам» әдісімен жеке жұмыс оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс арқылы жүзеге асты. Мәтін есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығару топтық жұмыста орындалды. Рефлексия «Білім қоржыны» әдісімен, ал кері байланыс «Білім банкингі» әдісімен алынды. Жалпы ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Әр түрлі әдістер, функционалды сауаттылықты арттыруға ббағытталған тапсырмалар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрнекіліктер: сандық, асық, домбыра барлығы орнымен қолданылып, түсіндіріліп, қызықты өтті. Оқушылар да белсенді қатысып, өздеріне тиісті бағаларын алды. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігінен, басқа пән мұғалімдерінен де қатысып, өз ойлары мен тілектерін айтып бағасын берді.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Категория: Мектеп

 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларга психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету

Автор: admin от 17-01-2024, 21:00, посмотрело: 20

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
Тақырыбы: "Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларга психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету.
Мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру.
Семинарға мектеп психологтары, логопед, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Баян Ниятуллаевна инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру барысында :пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтердің кандай қызмет көрсету керектігін егжей тегжейлі түсіндірді және түрлі формаларды қалай толтыру керектігі талқыланды.
Бұл семинар әдістемелік жағынан өте пайдалы болды деп бағаланды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС

Автор: admin от 17-01-2024, 05:07, посмотрело: 28

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 16.01.2024-.24.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 30.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп