» » Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

 
 
 

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Автор: admin от 17-01-2024, 22:59, посмотрело: 17

0 17.01.2024ж. күні математика пәнінің мұғалімі Дауренбекова С.А. 6 «Ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтып, «Білім, Талант, Дарын» атауларымен үш топқа бөлді. Содан соң сыныпты түгендеп, үй тапсырмасының жауабын интерактивті тақтада шығарып, оқушыларға өз жұмыстарымен салыстырып тексеруін ұсынып өзі де қарап, дұрыс жауаптарға «асық» тарату арқылы бағалады. Сонымен қатар «Домбыра» әдісімен он балдық бағалауды оқушыларға түсіндіріп, бағалауға арналған «домбыраларды» таратты. Жаңа сабақпен, оқу мақсаттарымен таныстырып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын бірге анықтады. Сабақ мақсаты: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу және өмірде қолдану болды. Мақсат айқындалған соң оқушылардың зейінін сабаққа аудару және тақырыпты қайталау мақсатында «Ой қозғау» әдісімен оқушыларға сұрақтар қойылып, ережелер сұралды. Тақырыпты аша түсу мақсатында топтық жұмысқа постер қорғау берілді. Постерде оқушылар теңдеулерді шешу арқылы жауаптарын сәйкестендіріп жасырылған суретті құрап шығу берілді. Оқушылар белсенділікпен теңдеулерді қызыға шешіп, суретті дұрыс құрап тапты. Жасырылған суреттер Әл-Хорезми, О.Жәутіков, А.Жұмаділдаевтың суреттері қысқаша мәліметімен болды. Оқушылар сол мәліметті дауыстап оқып, қажетті ақпараттарды алды. Келесіде «Кім жылдам» әдісімен жеке жұмыс оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс арқылы жүзеге асты. Мәтін есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығару топтық жұмыста орындалды. Рефлексия «Білім қоржыны» әдісімен, ал кері байланыс «Білім банкингі» әдісімен алынды. Жалпы ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Әр түрлі әдістер, функционалды сауаттылықты арттыруға ббағытталған тапсырмалар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрнекіліктер: сандық, асық, домбыра барлығы орнымен қолданылып, түсіндіріліп, қызықты өтті. Оқушылар да белсенді қатысып, өздеріне тиісті бағаларын алды. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігінен, басқа пән мұғалімдерінен де қатысып, өз ойлары мен тілектерін айтып бағасын берді.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.