Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Әр бала - жарық жұлдыз!

Автор: admin от 6-02-2024, 21:49, посмотрело: 18

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Әр бала - жарық жұлдыз!" атты психологиялық кеңес беру айлығының ашылуы өткізілді. Мақсаты: психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру.
Ұйымдастырушылар: ДҚТІЖО Мырзаханова Л, мектеп психологтары, кәсіптік бағдар беруші, әлеуметтік педагог.
Психологиялық кеңес беру айлығының ашылу барысында "Жанымда жүр жақсы адам", "Жүректен шыққан жылы сөз", "Шеңбер бойындағы сөз тізбегі" тақырыптарында тренингтер өткізілді.
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Әр бала - жарық жұлдыз!
Әр бала - жарық жұлдыз!

Категория: Мектеп

 

Волейбол

Автор: admin от 6-02-2024, 21:47, посмотрело: 13

0 01.02.2024ж күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)қысқы сессия барысында «Волейбол» үйірмесінің жетекшілері М.Мухиев, Р.Айтишев, М.Иманбаев тірек мектебі мен магниттік мектептердің 8-9сынып оқушыларының арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жарыс кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, әрқашан барлық жағдайға дайын болу мақсатында «Волейбол» ойынынан жарыс өткізді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әнұран орындалды. Мектеп директоры А.Сихимова өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова оқушыларға өз тілегін білдірді. Жарысқа Тірек мектебінен екі, магниттік мектептерден төрт команда қатысып, жеребе тастау арқылы кім-кіммен ойнайтыны анықталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде ойын көрсетті. Жинаған ұпайларымен Тірек мектебі 1,2ші орын иеленсе, Алға орта мектебі мен Жайсан орта мектебі 3ші орындарға ие болды. Ойын барысында өз өнерлерімен көзге түскен тірек мектеп оқушысы Д.Сатыбалды «үздік қорғаушы» номинациясымен, А.Бинаділ «үздік шабуылшы» номинациясымен, Ш.Мұртаза мектебінің оқушысы М.Тұңғыш, Еңбекші орта мектебінің оқушысы Н.Әскербек, Алға орта мектебінің оқушысы Р.Дыбыс, Жайсан орта мектебінің оқушысы Б.Ермекбай үздік ойын көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Волейбол
Волейбол

Категория: Мектеп

 

Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы

Автор: admin от 6-02-2024, 21:42, посмотрело: 13

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияның басталуына байланысты, 01ақпан күні география пәнінің мұғалімі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна сабақ өткізді. Тақырыбы: Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы.
Мақсаты: Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтау. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы
Мақсаты: Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтау.
Тапсырма 1. Сөздерге анықтама беріңіздер.
Тапсырма 2 Диаграммаға орналастыр
Тапсырма 3 Сұрақтарға жауап жаз.
Тапсырма 4. Сөзжұмбақ
Тапсырма 5. Кестемен жұмыс
Сабақта белсене қатысқан оқушылар Алға орта мектебінің оқушысы Бинура, Арай; Еңбекші орта мектебінен Бота, Арайлым; М.Мақатаев мектебінен Балжан, Айдын, Ақжан, Азамат, Ибрахим, Нұртілеу, Марау, Жанерке белсене қатысып, өздерін білім жағынан көрсете білді.
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 6-02-2024, 05:20, посмотрело: 28

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Информатика пәні мұғалімі» 16 сағат (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 150000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 06.02.2024-14.02.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 20.02.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп