Волейбол

Автор: admin от 6-02-2024, 21:47, посмотрело: 13

0 01.02.2024ж күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)қысқы сессия барысында «Волейбол» үйірмесінің жетекшілері М.Мухиев, Р.Айтишев, М.Иманбаев тірек мектебі мен магниттік мектептердің 8-9сынып оқушыларының арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жарыс кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, әрқашан барлық жағдайға дайын болу мақсатында «Волейбол» ойынынан жарыс өткізді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әнұран орындалды. Мектеп директоры А.Сихимова өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова оқушыларға өз тілегін білдірді. Жарысқа Тірек мектебінен екі, магниттік мектептерден төрт команда қатысып, жеребе тастау арқылы кім-кіммен ойнайтыны анықталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде ойын көрсетті. Жинаған ұпайларымен Тірек мектебі 1,2ші орын иеленсе, Алға орта мектебі мен Жайсан орта мектебі 3ші орындарға ие болды. Ойын барысында өз өнерлерімен көзге түскен тірек мектеп оқушысы Д.Сатыбалды «үздік қорғаушы» номинациясымен, А.Бинаділ «үздік шабуылшы» номинациясымен, Ш.Мұртаза мектебінің оқушысы М.Тұңғыш, Еңбекші орта мектебінің оқушысы Н.Әскербек, Алға орта мектебінің оқушысы Р.Дыбыс, Жайсан орта мектебінің оқушысы Б.Ермекбай үздік ойын көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Волейбол
Волейбол

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.