Химия ғажайып әлемі

Автор: admin от 5-02-2024, 21:13, посмотрело: 15

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 2-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге “8Д”, “8Ә” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Р.М.Кашаганованың ұйымдастыруымен “Химия ғажайып әлемі” атты интеллектуалдық жарыс өткізілді. Интеллектуалдық сайыстың мақсаты: Химия пәнінен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Сайыстың жүргізу барысы: 6-кезеңнен тұрды. Әр кезең оқушыларға өте қызықты, тартымды болды.
1-кезең “Ойлы болсаң, озып көр”
2-кезең “Тіл өнер”
3-кезең “Мықты болсаң тауып көр”
4-кезең “Зерек болсаң, шешіп көр”
5-кезең “Жүйрік болсаң, шауып көр”
6-кезең “Химик - сараман”
Осы 5-кезең бойынша оқушылар өздерінің білімдерін көрсете білді. 6-кезеңде екі топтың топ басшылары: 8 "Д"-сынып оқушысы Сәулебекқызы Анар өзінің “Хамелеон” және “Ерітіндінің түссізденуі” тақырыбындағы қызықты тәжірибесімен бөлісті. 8"Ә"- сынып оқушылары Бақытжан Абылай мен Баймұрат Ерасыл да, өздерінің қызықты тәжірибелерін “Жанбайтын орамал” және “Спирттің ағзаға зияны” тақырыпта көрсетті. Тәжірибелері өте қызықты өтті. Соңында әділ-қазылар алқасы: мектебіміздің биология пән мұғалімі: Медеубаева Әйгерім тәтей мен Жайсан орта мектебінің химия пән мұғалімі Нұрқасымова Назым тәтей қорытынды жасады. 8”ә - сыныбына 1-орын “Мадақтама” грамотасын, 8”Д-сыныбына 2 - орынды ұсынды. Сайыстың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.