Шәкәрім ақын шалқарынан

Автор: admin от 1-02-2024, 19:55, посмотрело: 18

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 31- ші қаңтар күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен және ашылған сыныптармен бірге 8 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.С.Махатованың ұйымдастырумен «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Пазылбекова және мектеп мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат 8 -сынып қыздарының орындауында нәзіктіктен өрілген «Шашу » биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын
екендігін және 912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке-жеке жинақ ретінде басылған поэмадан сахналық қойылым көрсетіп, шара барысында ғұлама ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындалды. Танымдық сағаттың соңында мектеп мұғалімдермен оқушыларынан кері байланыс алынды. Танымдық сағат өте жоғары деңгейді өтті.
Шәкәрім ақын шалқарынан
Шәкәрім ақын шалқарынан
Шәкәрім ақын шалқарынан

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.