Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Автор: admin от 5-02-2024, 21:19, посмотрело: 24

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың 5-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 "А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі З.Д.Кокееваның ұйымдастыруымен “Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірталас өткізілді.
Пікірталастың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу.
Пікірталас барысында оқушыларға 8-9 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама көрсетіліп, сауалнама бойынша оқушылардың басым бөлігі интернетті 3-4 сағат қолданатындарын да көрсетті.
Сауалнамадан соң оқушылар, жалпы интернет дегеніз не? Интернет қалай пайда болғандығын айтты.
Оқушыларға интернет жайлы көріністер көрсетіліп, оқушылар интернеттің зияны мен пайдасы жайлы өз көзқарастарын айтты. Пікірталасқа, көрермендер де өз ойларын қосып, пікірталас тартысты өтті.
Пікірталастың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Категория: Мектеп

 

Бәрімізде бір арман

Автор: admin от 5-02-2024, 21:17, посмотрело: 77

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша «Бәрімізде бір арман» атты ашық тәрбие сағатты өткізілді.
Мақсаты Оқушыларға арман құндылығы туралы түсініктерін арттыру. Арманның мәні, жету жолдары туралы өзіндік пікірін қалыптастыру. Арманға жету жолында оқушылар не істеу керек екенің үйрету. Өз армандарына сену және орындалатына күмән келтірмеуге баулу. «Арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Арманның мәні,жету жол туралы өзіндік пікірін қалыптастыру. оқушылардың арманға жету жолында мақсаткерліктің маңызды орын алатындығы туралы білімдерін нығайту;
— арманға жету жолындағы әрбір істі оқушыларға сүйіспеншілікпен жасауға тәрбиелеу;
— арманды жүзеге асыру барысында оқушыларды өз ортасымен байланыста болуға жетелеу. Оқушылар ашық тәрбие сағаттына белсене қатысты. Өздерінің ойларын айтты. Өздерінің Арман-мақсаттарымен бөлісті.#Біртұтас_тәрбие @oqu_aqtartu_ministirligi
Бәрімізде бір арман
Бәрімізде бір арман

Категория: Мектеп

 

Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...

Автор: admin от 5-02-2024, 21:16, посмотрело: 20

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 5-ақпан күні «Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығының ашылуы болды. Биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы Мұқағали атамыздың туған күнімен тұспа-тұс келіпті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды.
Кеш қонақтарына «Бауырсақ Party» ұйымдастырылып, жасырылған сұрақтарға жауап беріп, тәтті бауырсақтан ауыз тиді. Ақынның суреттері мен шығармашылығынан жасалған көрме де ұйымдастырылды.
Мұқағалидың өз дауысымен басталған кеш «Аққу» биімен жалғасын тапты. Мың бұрала билеген кішкентай биші қыз биімен көрерменді тәнті етті. Ортада ұлттық нақышта киінген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Ж.Абдрашева мен Ж.Ахина қоңыр дауыста ақынның өлеңдерін алма кезек оқып, жыр шумақтарынан шашу шашты. Ақынның сөзіне жазылған «Жарығым-ай» әнін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Г. Ибрагимова, Б.Кусайнова әуелете шырқады. Келесі кезек ақиық ақынның дүниеден өтер шағын сомдаған мектебіміздің оқушылары. Ақын образын сомдаған Құрманалы Е, ақынның жарының ролінде – Жақсылық Ү, балалары – Төлеуқұл Е, Тоқтар А, Сұлтанғали С. Бұл көріністе әрбір кейіпкер өз ролін керемет орындағаны соншалықты, көпшілік қауымның көзіне жас келтіріп, жүректерін тебірентті. Әкенің өмірдегі ойсыраған орнын ешкім, ешбір жан толықтыра алмайды. Артта сағына орнын жоқтап балалары қалды. Көрініс соңы ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнімен жалғасын тапты.
Әдеби кеш соңында мектеп директорының эксперимент жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы жүрекжарды лебізін білдіріп, оқушыларға жарқын болашақ тілеп, ұстаздар қауымына еңбектерінің жемісін көруді айтты.
Бұл ақынға арналған кеш ақпан айы бойы әр бағытта жалғасын таппақ.
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...

Категория: Мектеп

 

Friendship is for always

Автор: admin от 5-02-2024, 21:15, посмотрело: 18

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша Friendship is for always жарыс сабақ өткізілді.
Мақсатты: Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерінін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Оқушылардың ағылшын тілінде қызығушылығын ояту. Жарыс ойын арқылы тілді меңгерту. Оқушыларды достыққа,мейірімділіке және өз тілін құрметтеуге. Өзге тілді білуге тәрбиелеу. Оқушылар белсене қатысты.
Friendship is for always
Friendship is for always
Friendship is for always

Категория: Мектеп

 

Химия ғажайып әлемі

Автор: admin от 5-02-2024, 21:13, посмотрело: 16

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 2-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге “8Д”, “8Ә” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Р.М.Кашаганованың ұйымдастыруымен “Химия ғажайып әлемі” атты интеллектуалдық жарыс өткізілді. Интеллектуалдық сайыстың мақсаты: Химия пәнінен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Сайыстың жүргізу барысы: 6-кезеңнен тұрды. Әр кезең оқушыларға өте қызықты, тартымды болды.
1-кезең “Ойлы болсаң, озып көр”
2-кезең “Тіл өнер”
3-кезең “Мықты болсаң тауып көр”
4-кезең “Зерек болсаң, шешіп көр”
5-кезең “Жүйрік болсаң, шауып көр”
6-кезең “Химик - сараман”
Осы 5-кезең бойынша оқушылар өздерінің білімдерін көрсете білді. 6-кезеңде екі топтың топ басшылары: 8 "Д"-сынып оқушысы Сәулебекқызы Анар өзінің “Хамелеон” және “Ерітіндінің түссізденуі” тақырыбындағы қызықты тәжірибесімен бөлісті. 8"Ә"- сынып оқушылары Бақытжан Абылай мен Баймұрат Ерасыл да, өздерінің қызықты тәжірибелерін “Жанбайтын орамал” және “Спирттің ағзаға зияны” тақырыпта көрсетті. Тәжірибелері өте қызықты өтті. Соңында әділ-қазылар алқасы: мектебіміздің биология пән мұғалімі: Медеубаева Әйгерім тәтей мен Жайсан орта мектебінің химия пән мұғалімі Нұрқасымова Назым тәтей қорытынды жасады. 8”ә - сыныбына 1-орын “Мадақтама” грамотасын, 8”Д-сыныбына 2 - орынды ұсынды. Сайыстың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі
Химия ғажайып әлемі

Категория: Мектеп