Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...

Автор: admin от 5-02-2024, 21:16, посмотрело: 19

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 5-ақпан күні «Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығының ашылуы болды. Биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы Мұқағали атамыздың туған күнімен тұспа-тұс келіпті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды.
Кеш қонақтарына «Бауырсақ Party» ұйымдастырылып, жасырылған сұрақтарға жауап беріп, тәтті бауырсақтан ауыз тиді. Ақынның суреттері мен шығармашылығынан жасалған көрме де ұйымдастырылды.
Мұқағалидың өз дауысымен басталған кеш «Аққу» биімен жалғасын тапты. Мың бұрала билеген кішкентай биші қыз биімен көрерменді тәнті етті. Ортада ұлттық нақышта киінген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Ж.Абдрашева мен Ж.Ахина қоңыр дауыста ақынның өлеңдерін алма кезек оқып, жыр шумақтарынан шашу шашты. Ақынның сөзіне жазылған «Жарығым-ай» әнін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Г. Ибрагимова, Б.Кусайнова әуелете шырқады. Келесі кезек ақиық ақынның дүниеден өтер шағын сомдаған мектебіміздің оқушылары. Ақын образын сомдаған Құрманалы Е, ақынның жарының ролінде – Жақсылық Ү, балалары – Төлеуқұл Е, Тоқтар А, Сұлтанғали С. Бұл көріністе әрбір кейіпкер өз ролін керемет орындағаны соншалықты, көпшілік қауымның көзіне жас келтіріп, жүректерін тебірентті. Әкенің өмірдегі ойсыраған орнын ешкім, ешбір жан толықтыра алмайды. Артта сағына орнын жоқтап балалары қалды. Көрініс соңы ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнімен жалғасын тапты.
Әдеби кеш соңында мектеп директорының эксперимент жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы жүрекжарды лебізін білдіріп, оқушыларға жарқын болашақ тілеп, ұстаздар қауымына еңбектерінің жемісін көруді айтты.
Бұл ақынға арналған кеш ақпан айы бойы әр бағытта жалғасын таппақ.
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...
Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар...

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.