МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Автор: admin от 2-02-2024, 21:08, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 2-ақпан күні ұлттық поэзия падишасы Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған "МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатты ұйымдастырушы: тірек мектебінің 8 "Ә”сынып оқушылар және сынып жетекшісі Ахина Ж. Т. Ресурстық орталық жұмысы аясында өткізілген бұл танымдық сағаттың мақсаты: ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушыларға әрі қарай ізденуге бағыт беру. Аталған танымдық сағатта поэзия падишасының мұрасынан бірқатар шығармалары мен поэмалары жатқа айтылды. Ақынның сан қилы ауыр тағдыры мен жұмбақ өлімі туралы қойылымдар көрсетіліп, бұрын айтылмаған тың деректер де паш етілді. Мағжан ақынның сөзіне жазылған "Сен сұлу” әні шырқалып, "Мен жастарға сенемін” әнін хор ретінде айтып шықты. Оқушылардың ізденімпаздығы мен тыңғылықты дайындығының арқасында танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі толқыныстарын да жасыра алмады. Кері байланыс парағын толтырған ұстаздар мен оқушылар ұсыныс, лебіздерін білдіріп, танымдық сағат туралы ойларын ашып жазды.
Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева бұл танымдық сағатты ұлы Абайдың
" Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы” деген өлең жолдарымен баға бере отырып қорытындылады.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.