Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Өткізгіштерді тізбектей қосу

Автор: admin от 2-02-2024, 21:10, посмотрело: 14

0 29 қаңтар күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) магниттік мектеп білім алушылармен қысқы сессия жұмысын бастап кеткен болатын. Осы орайда 01 ақпан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі, Еңбекші орта мектебі және Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің 8 "Е" сынып оқушылары физика пәні мұғалімі Қ.Охаевамен "Өткізгіштерді тізбектей қосу" тақырыбында зертханалық жұмыстарды орындады. Білім алушылар сұлба бойынша тізбекті жинақтап, құралдардың көрсетулерін кестеге жазып алды. Зертханалық жұмысты орындауда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінен Саулебай Н., Тулеген М., Сұлтан Ғ., Еңбекші орта мектебінен Құдайберген Т., Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінен Бұқантай Г., Болат Нұрхат белсене қатысты. Зерттеу мақсатына жетті. Оқушылар зор қызығушылықпен жұмысты орындап шықты.
Өткізгіштерді тізбектей қосу
Өткізгіштерді тізбектей қосу

Категория: Мектеп

 

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Автор: admin от 2-02-2024, 21:08, посмотрело: 18

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 2-ақпан күні ұлттық поэзия падишасы Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған "МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатты ұйымдастырушы: тірек мектебінің 8 "Ә”сынып оқушылар және сынып жетекшісі Ахина Ж. Т. Ресурстық орталық жұмысы аясында өткізілген бұл танымдық сағаттың мақсаты: ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушыларға әрі қарай ізденуге бағыт беру. Аталған танымдық сағатта поэзия падишасының мұрасынан бірқатар шығармалары мен поэмалары жатқа айтылды. Ақынның сан қилы ауыр тағдыры мен жұмбақ өлімі туралы қойылымдар көрсетіліп, бұрын айтылмаған тың деректер де паш етілді. Мағжан ақынның сөзіне жазылған "Сен сұлу” әні шырқалып, "Мен жастарға сенемін” әнін хор ретінде айтып шықты. Оқушылардың ізденімпаздығы мен тыңғылықты дайындығының арқасында танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі толқыныстарын да жасыра алмады. Кері байланыс парағын толтырған ұстаздар мен оқушылар ұсыныс, лебіздерін білдіріп, танымдық сағат туралы ойларын ашып жазды.
Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева бұл танымдық сағатты ұлы Абайдың
" Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы” деген өлең жолдарымен баға бере отырып қорытындылады.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Категория: Мектеп

 

Кел достарым

Автор: admin от 2-02-2024, 21:06, посмотрело: 11

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «Кел достарым» атты флешмоб өткізілді.
Мақсатты: Оқушылардың бойына қимыл икемділігі мен музыкалық сезімін, музыка ырғағын тусіндіріп қалыптастыру.Окушылардың дене мүшелерінің әр бағытта қозғай білуге немесе қолдарының қозғалуын үйлестіріп орындауға үйрету.Балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету.Оқушыларға би туралы білім мен дағдыларды меңгерте отырып, зейінін, есте сақтау, елестету, бақылау қабілетін дамыту.Би өнерімен қажетті деңгейде балаларды әсемдік әлеміне біртіндеп бойларын үйрету. Тілдік моториканың және көңіл күйдің дамуына, жағымды қылықтарға, әдемілікке, достыққа, тәртіптілікке, татулыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Біз бір-бірімізбен дос тату екенімізді көрсеттік. Қандай іс болмасын біз үшін шешілмейтін түйін жоқ екеннің осы топ арқылы көрсеттік деп ойлаймын.Осымен біздің флешмобымыз аяқталды.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Кел достарым
Кел достарым

Категория: Мектеп

 

Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы

Автор: admin от 2-02-2024, 21:04, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) )«ДосболLIKE достық қолын ұсын» акциясы бойынша «Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы» атты трениг өткізілді.
Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын ақтарамыз.Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасыДаму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді.
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы

Категория: Мектеп

 

ДосболLIKE достық қолын ұсын

Автор: admin от 2-02-2024, 21:02, посмотрело: 12

0 Мұқағали атындағы тірек орта мектебі (РО) Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)«ДосболLIKE достық қолын ұсын» атты Волейболдан акция өткізілді. Волейбол ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып оқушылар өздерінің бақтарын сынады.Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу, татулық ұғымын қалыптастыру. Достық туралы түсініктерін кеңейту, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу. Оқушылар белсене қатысты.
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын

Категория: Мектеп