Өткізгіштерді тізбектей қосу

Автор: admin от 2-02-2024, 21:10, посмотрело: 14

0 29 қаңтар күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) магниттік мектеп білім алушылармен қысқы сессия жұмысын бастап кеткен болатын. Осы орайда 01 ақпан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі, Еңбекші орта мектебі және Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің 8 "Е" сынып оқушылары физика пәні мұғалімі Қ.Охаевамен "Өткізгіштерді тізбектей қосу" тақырыбында зертханалық жұмыстарды орындады. Білім алушылар сұлба бойынша тізбекті жинақтап, құралдардың көрсетулерін кестеге жазып алды. Зертханалық жұмысты орындауда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінен Саулебай Н., Тулеген М., Сұлтан Ғ., Еңбекші орта мектебінен Құдайберген Т., Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінен Бұқантай Г., Болат Нұрхат белсене қатысты. Зерттеу мақсатына жетті. Оқушылар зор қызығушылықпен жұмысты орындап шықты.
Өткізгіштерді тізбектей қосу
Өткізгіштерді тізбектей қосу

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.