Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Автор: admin от 5-02-2024, 21:19, посмотрело: 23

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың 5-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 "А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі З.Д.Кокееваның ұйымдастыруымен “Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірталас өткізілді.
Пікірталастың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу.
Пікірталас барысында оқушыларға 8-9 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама көрсетіліп, сауалнама бойынша оқушылардың басым бөлігі интернетті 3-4 сағат қолданатындарын да көрсетті.
Сауалнамадан соң оқушылар, жалпы интернет дегеніз не? Интернет қалай пайда болғандығын айтты.
Оқушыларға интернет жайлы көріністер көрсетіліп, оқушылар интернеттің зияны мен пайдасы жайлы өз көзқарастарын айтты. Пікірталасқа, көрермендер де өз ойларын қосып, пікірталас тартысты өтті.
Пікірталастың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.