Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бақыт деген

Автор: admin от 9-02-2024, 22:05, посмотрело: 12

0 М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде, 9- ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті. Қазақ өлеңінің мұзбалағы атанған ақиық ақынның атындағы мектебімізде бүгін той. Таңертеңгілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары ұйымдастырып, Б.Құсайынова мен Д.Джилкибаева ақынның сөзіне жазылған "Бақыт деген" әнімен ашты. Ән соңынан бұрала билеген бишілер көрермен көзайымына айналды. Үлкен экраннан ақын жайлы деректер оқушылар назарына ұсынылды. 10,8,7 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін алма кезек, нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Б. Мансұрұлы " Есіңе мені алғайсың” әнін орындап көрерменді бір толқытты. Оқушылар өздері дайындап келген өнерлерімен бөлісіп, таңертеңгіліктің көркін кіргізді. Ақын жайлы естеліктер күні бойы экраннан көрсетіліп отырды.
Бақыт деген
Бақыт деген

Категория: Мектеп

 

Ақиық ақын

Автор: admin от 9-02-2024, 22:03, посмотрело: 15

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 6"Б" сынып оқушылары Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жылға толуына орай оқушылар ақынның шығармашылығын дәріптеп,өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Өздерінің шығарған өлеңдерін оқып,ақын шығармаларының мазмұнына терең бойлай отырып, тақырыбына сурет салды.
Ақиық ақын

Категория: Мектеп

 

9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында

Автор: admin от 9-02-2024, 22:00, посмотрело: 12

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (Ро) мектебінде 9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында
Шу ауданының Төле би ауылы 19 ӨСБ-нің қарауыл бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекибаев Жандос Рахимбердиевич және аға лейтенанты Каденов Нұрбол Сапарғалұлымен кездесу өтті.
Бекибаев Жандос Рахимбердиевич Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқуға түсу шарттарымен таныстырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесуден оқушылар өздеріне қажетті мәліметтер жинақтады.
9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында
9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында

Категория: Мектеп

 

Мен үшін баға жетпес құндылық

Автор: admin от 9-02-2024, 21:58, посмотрело: 13

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 8-10 сынып оқушыларымен "Мен үшін баға жетпес құндылық".
Мақсаты: жағымды қарым -қатынас орнату, жоғарғы көңіл күй сыйлау.
Тренинг барысында: оқушылармен "Салемдесу", "Автопортрет", "Сиқырлы қобдиша", "Комплимент" ойындар жаттығулар өткізілді.
Өткізілген күні: 07-09.02.2024
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Мен үшін баға жетпес құндылық
Мен үшін баға жетпес құндылық

Категория: Мектеп

 

Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады

Автор: admin от 9-02-2024, 21:56, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 3-4 сынып оқушыларынан "Менің көңіл күйімді не жақсартады", 5-7 сыныптардан "Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады", 8-10 сыныптардан"Мен үшін жанашыр адам ол" тақырыптарында оқушыларынан эссе алынды.
Мақсаты: оқушылардың ұшқыр ойын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Өткізілген күні: 05-06.24
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады
Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады

Категория: Мектеп

 

Адалдық-адамдықтың белгісі

Автор: admin от 9-02-2024, 21:54, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024жылдың 7-ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9"Б" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Таурбекова Ғалияның ұйымдастыруымен "Адалдық-адамдықтың белгісі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Адалдық пен шындықтың адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру Адалдық, шынайылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.Тәрбие сағатында оқушылар көптеген ұлы-ойшылдарымыздың сөздерін, мақал-мәтелдерін айтты."Адал бала","Шыншыл бала" атты көріністер көрсетілді.Көрермендерде өз ойларын айтып,тәрбие сағат жоғары деңгейде өтті.Тәрбие сағаттың соңында,мектеп мұғалімдеріне және директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаеваға сөз кезегі берілді.Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Адалдық-адамдықтың белгісі
Адалдық-адамдықтың белгісі

Категория: Мектеп