Бақыт деген

Автор: admin от 9-02-2024, 22:05, посмотрело: 11

0 М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде, 9- ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті. Қазақ өлеңінің мұзбалағы атанған ақиық ақынның атындағы мектебімізде бүгін той. Таңертеңгілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары ұйымдастырып, Б.Құсайынова мен Д.Джилкибаева ақынның сөзіне жазылған "Бақыт деген" әнімен ашты. Ән соңынан бұрала билеген бишілер көрермен көзайымына айналды. Үлкен экраннан ақын жайлы деректер оқушылар назарына ұсынылды. 10,8,7 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін алма кезек, нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Б. Мансұрұлы " Есіңе мені алғайсың” әнін орындап көрерменді бір толқытты. Оқушылар өздері дайындап келген өнерлерімен бөлісіп, таңертеңгіліктің көркін кіргізді. Ақын жайлы естеліктер күні бойы экраннан көрсетіліп отырды.
Бақыт деген
Бақыт деген

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.