Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ең үлкен сый - өмір

Автор: admin от 14-02-2024, 22:16, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 1-4 сынып оқушыларымен "Ең үлкен сый - өмір" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету.
Тренинг барысында: оқушылармен "ТАНЫСУ", "Карусель", "Бөлінген телефон", "Көпір" ойындар жаттығулар өткізілді.
Өткізілген күні: 07-09.02.2024
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Ең үлкен сый - өмір

Категория: Мектеп

 

Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.

Автор: admin от 14-02-2024, 22:13, посмотрело: 21

0 Ақпанның сегізінші жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия кезінде,магниттік мектептерден Алға орта мектебі мен Еңбекші орта мектебінен келген оқушылармен, 9 в сыныбының оқушыларының бірігуімен,география пәнінің мұғалімі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна географиялық кеш өткізді.Кештің тақырыбы Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!
Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Кеш бірнеше кезеңдерге бөлінді.Кім жылдам, Ең,ең,ең. Көрермендерге сұрақ. Табиғатпен байланысты Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойылды.Қойылымға Бинаділ Айдын,Мұсақұл Азамат,Өмірзақ Балжан,Ернұр қойылымды жоғары дәрежеде көрсетті. Кеш соңында Өмірзақ Балжанның орындауында «Жақсы адамдарым» өлеңімен аяқтады.Кеш өте тартысты, қызық өтті. Көрермендер тілектерін білдірді.
Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.

Категория: Мектеп

 

Конкурс

Автор: admin от 14-02-2024, 05:32, посмотрело: 25

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Үйірме жетекшісі» 0,5 бірлік (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 60000-70000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 14.02.2024-22.02.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 28.02.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Әл-Фараби ұлы ғұлама

Автор: admin от 14-02-2024, 04:09, посмотрело: 15

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 14.02.2024 ж 10”г” сынып жетекшісі С.М.Кыздарбекованың ұйымдастыруымен "Әл-Фараби ұлы ғұлама” атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: оқушыларға
Әл-Фараби ғұламаның өмірі,еңбек жолы туралы түсінік бере отырып,оның жан- жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсіндіріп,даналығымен таныстыру.Танымдық сағат сессия аралығында өткендіктен 10 "г” сынып оқушыларымен қатар магниттік мектептер Ш.Мұртаза,Алға,Еңбекші,Жайсан орта мектеп оқушылары да танымдық сағатқа белсене қатысып, сұрақ- жауаптар қойып, іс шараның тарихи мазмұны қызықтыра түсті. Оқушылар Әл-Фарабидың даналықтарынан үзінді келтіре отырып,мән-мағынасын ашуға,негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білді.Әрбір көрсеткен қойылымдар оқушыларға туған жерге деген сүйіспеншілік,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді тәрбиелеу.Керермендер де өз ойларын айтып,танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті.Танымдық сағаттың соңында, мектеп мұғалімдеріне және директордың эксперимент жөніндегі орынбасары
Б.Н.Джексенбаеваға сөз кезегі берілді.Магниттік мектептің окушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Әл-Фараби ұлы ғұлама
Әл-Фараби ұлы ғұлама

Категория: Мектеп

 

Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы

Автор: admin от 14-02-2024, 04:07, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 13 .02 .2024 жылы
«Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы» атты тақырыпта танымдық сағат болып өтті. Мақсаты:оқушыларды жыр пайғамбары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу, отан сүйгіштікке баулу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті дүниелерді қадір тұтуға тәрбиелеу.Танымдық сағат мектебімізде сессия уақытында өткізілгендіктен тірек орта метебінің 9 «Ә», 10 «Ә» сыныптарымен бірге магниттік Еңбекші ,Жайсан Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп оқушылары да аталған іс шараға қатысып,белсенділік танытты. Танымдық сағатта ақынның «Арыз жазып кетейін», «Елім барда», «Отан», «Фариза»т.б шығармалары жатқа оқылып, ақын отбасы жайында «Отбасым – шағын мемлекетім» атты тақырыпта қойылым көрсетілді.
Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы
Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы

Категория: Мектеп

 

Әлем менімен керемет

Автор: admin от 14-02-2024, 04:05, посмотрело: 19

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 5-7 сынып оқушыларымен "Әлем менімен керемет" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдерді тұлға ретінде қалыптастыру.
Тренинг барысында: оқушылармен "Сәлемдесу", "Менің арманым", "Жақсы жаңалықтар банкі", "Чемодан" ойындар жаттығулар өткізілді.
Өткізілген күні: 07-09.02.2024
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Әлем менімен керемет

Категория: Мектеп