Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.

Автор: admin от 14-02-2024, 22:13, посмотрело: 21

0 Ақпанның сегізінші жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия кезінде,магниттік мектептерден Алға орта мектебі мен Еңбекші орта мектебінен келген оқушылармен, 9 в сыныбының оқушыларының бірігуімен,география пәнінің мұғалімі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна географиялық кеш өткізді.Кештің тақырыбы Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!
Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Кеш бірнеше кезеңдерге бөлінді.Кім жылдам, Ең,ең,ең. Көрермендерге сұрақ. Табиғатпен байланысты Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойылды.Қойылымға Бинаділ Айдын,Мұсақұл Азамат,Өмірзақ Балжан,Ернұр қойылымды жоғары дәрежеде көрсетті. Кеш соңында Өмірзақ Балжанның орындауында «Жақсы адамдарым» өлеңімен аяқтады.Кеш өте тартысты, қызық өтті. Көрермендер тілектерін білдірді.
Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.