Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Конкурс

Автор: admin от 7-03-2024, 23:27, посмотрело: 18

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 07.03.2024-18.03.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 25.03.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы

Автор: admin от 7-03-2024, 00:25, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 8-науырыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің 4 -11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш болып өтті.
Дүниеде ана жүрегінен асқан құдірет бар ма? Ананың алдында асқар тауда аласа емес пе? Анасына ән, жыр арнамаған пенде де кемде кем ғой өмірде...
Ана, арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен - деп , ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай аналар мерекесіне арналған кешке ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері келді. Салтанатты кеште оқушылардың орындауында «Ана» , «Анашым» атты тақырыпта екі хор айтылып, әндер шырқалып,күй де тартылып, әсем би де биледі. Оқушылардың өнеріне өз ризашылықтарын білдірген ардагер ұстаздар жас шәкірттер мен түлектерге жүрекжарды тілектері мен алғыстарын жаудырды.
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы

Категория: Мектеп

 

4і күні Жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану бірлестігі айлығының ашылуы өтті

Автор: admin от 7-03-2024, 00:23, посмотрело: 7

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың наурыз айының 4і күні Жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану бірлестігі айлығының ашылуы өтті.
Ашылу барысына пән мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсене қатысты, физика, химия, биология, география пәндерінен сұрақтар қойылып, жауап берген оқушылар түрлі сый-сияпатқа ие болды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті.
4і күні Жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану бірлестігі айлығының ашылуы өтті
4і күні Жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану бірлестігі айлығының ашылуы өтті

Категория: Мектеп

 

8 наурыз Аналар мерекесіне

Автор: admin от 7-03-2024, 00:18, посмотрело: 13

0 М.Макатаев атындағы тірек орта мектебі Еркетай шағын орталығында 8 наурыз Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді.
8 наурыз Аналар мерекесіне
8 наурыз Аналар мерекесіне
8 наурыз Аналар мерекесіне

Категория: Мектеп