Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы

Автор: admin от 7-03-2024, 00:25, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 8-науырыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің 4 -11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш болып өтті.
Дүниеде ана жүрегінен асқан құдірет бар ма? Ананың алдында асқар тауда аласа емес пе? Анасына ән, жыр арнамаған пенде де кемде кем ғой өмірде...
Ана, арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен - деп , ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай аналар мерекесіне арналған кешке ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері келді. Салтанатты кеште оқушылардың орындауында «Ана» , «Анашым» атты тақырыпта екі хор айтылып, әндер шырқалып,күй де тартылып, әсем би де биледі. Оқушылардың өнеріне өз ризашылықтарын білдірген ардагер ұстаздар жас шәкірттер мен түлектерге жүрекжарды тілектері мен алғыстарын жаудырды.
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы
Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.