Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Аттестация

Автор: admin от 18-06-2024, 01:34, посмотрело: 50

0 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығының 47 тармақшасына сәйкес төмендегі құрамда мектепішілік сараптама кеңесі мектеп ұстаздары арасынан осы тізімде құрылды: Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кірді. Сараптамалық кеңес мүшелері тақ санынан тұрады, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
Төрайымы: 1.География пәнінің мұғалімі Баетова Анар Ермекқызы (санаты педагог-шебер)
Мүшелері:
2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміСолтанбаева Дуйсенкул Тлепбергеновна (санаты педагог-зерттеуші)
3.Биология пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбековна(санаты педагог-зерттеуші)
4. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісіОмирбекова Сабира Азимжановна, (санаты педагог-зерттеуші)
5. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шангаракбаева Жанат Сейдалимовна,(санаты педагог-зерттеуші)
6. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айткулова Жаннат Макулбековна
(санаты педагог-зерттеуші)
7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайдахметова Гульнара Суюмбековна,(санаты педагог-зерттеуші)
Хатшысы: Уразова Жансая Бактигереевна
Ереженің 45. тармақшасына сай Білім беру ұйымы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін педагогтердің материалдарын (портфолиосын) қалыптастырады және тиісті деңгейдегі Комиссияларға электрондық форматта ұсынады.
Материалдар (портфолио) педагогтің эссесін қамтиды. Эсседегі сөздердің саны 250-300 сөзден тұруы керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.
46. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады.
Сараптамалық топ жұмысы 11 маусым күні жүргізілді
Сараптама отырысына мәлімденген деңгейі педагог-модератор санаты. Тоғыз педагогтың портфолиосы ұсынылды:
1. Кадыров Нуржан Арыстанбекұлы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі,
2. Иманбаева Сауле Жаксылыккызы, математика пәнінің мұғалімі
3. Дауылбаева Назира Жумадиловна, мектепалды сынып педагогі
4. Дауренбекова Сания Абдынасыровна, математика және информатика пәні мұғалімі
5. Дутбаева Гулзия Алмасовна, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
6. Исрафилова Насиба Толкынбековна, мектепалды сынып педагогі
7. Касенова Анар Уксукбаевна,информатика пәні мұғалімі
8. Кашаганова Риза Маратбековна,химия пәні мұғалімі
9. Кишкашова Гулнур Алмасбековна,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Осы аталған пән мұғалімдерінің портфолиосы қаралып, өздерінің мәлімденген біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізді. «педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді деп, аттестаттау комиссиясына ұсынылды

Аттестация
Аттестация
Аттестация
Аттестация
Аттестация
Аттестация
Аттестация
Аттестация

Категория: Мектеп

 

Есеп беру

Автор: admin от 6-06-2024, 02:52, посмотрело: 34

0 Армысыздар, ардақты ата-аналар, қонақтар, ұстаздар!
Өмірдің үлкен арнасы, көші сонау замамандардан ата, әже, әке, шешеден бастау алады. Адам баласы үшін қадірлі де, қасиетті қамқоршы, жанашыр жандарымыз да , бұлақ көзі де осы жандар. Сондықтан да халық даналығы: «Баланың бас ұстазы-ата-ана» деп те ерекше атайды. Сонымен қатар «Әке - үйдің егесі, шеше - үйдің шегесі», «Әке - асқартау, ана - бұлақ, бала-жағасындағы жайқалған жасыл құрақ» деген де көнеден қалған асыл сөз бар. Біз осындай тамаша сөздермен сусындап өстік. Бұл сөздерді ата , әжеміз, ата-анамыз айтқанда бір марқайып қалушы едік. Қазір де естіп қалсақ, сол сәттерді ойға салады.
Бізде бала болдық .Ата мен әжеден ертегі , аңыз әңгіме тыңдадық. Бала кезде «ұят болады» деген сөздің құдіреті күшті еді. «Ұят болады» деген сөзді естігенде жас баланың өзі жылағанын басып, тыныштала қалушы еді.
Баланың бас ұстазы – ата-ана дей тұрсақ та, ата-анадан кейінгі тәрбие мен білімді бала бойына егетін диқаншысы мектеп анасы мен жанашыр ұстаздары.
Сондықтан да мектептебімізде «Даналардың ізімен–Нұрлы жолға!» бағытын ұстанып,оқу-тәрбие жұмыстары ұлы Абайдың «Бес асыл ісіне»:Талап, Еңбек,Терең ой, Қанағат, Рахымға жүйеленіп,тәрбие мен білім қатар беріледі. Мектепте көркем әдебиет оқу да бір жүйеге қойылған. «Мен оқыған бір кітап», «Кітап-дос, ақылшы ұстаз» тақырыбында сынып сағаттары, танымдық сағаттар, конференциялар да өткізіліп тұрады. Барлық жақсы дүниелер балалардың дамуы мен өсуіне арналады.
Себебі бүгінгі ұрпақ – елдің де, жердің де иесі. Адам баладан өседі. Бала - біздің айнамыз. Бала-біздің болашағымыз. Бала бойында рухани дүниелер болуы шарт. Бала туған елін, жерін, тілін, тарихын, әдеп - ғұрпын, салт-санасын , үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін бойына сіңіріп өсуі керек. Балаларымыз тәрбиелі болуы керек. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген екен.Бала тәрбиесіне сіз бен біз жауаптымыз - Ата-ана.Осыны естен шығарып алмайық.
Неге баса айтып отырмын? Оның мәнісі неде? деп ойлауларыңыз да орынды. Иә,елімізде көңіл толарлық, қуантарлық дүниелермен қатар «Әттең-ай!» деп өкінетін жайлар да аз болмай тұр. Балалардың ұрлық-қарлыққа, ұрып-соғып,досына,бауырына қиянат жасау әрекеттері де көбейіп бара жатыр.Аяушылықтың болмауы, мейірімнің азайып бара жатқаны, «қатыгездік» жан ауыртар жағдай емес пе? Сол тұрғыдан да «Атасы ащы алма жесе, баласының тісі қанайды» , «Отан-отбасынан басталады» дегенді де естен шығармағанымыз абзал.
Өйткені отбасында, қоғамда белең алып отырған мәселелер де аз емес. Ананың баладан безуі,өз шаранасынан өзі жеруі,үлкен балалардың ата-анасын бағып – қағудан қашып қарттар үйіне өткізуі,қара көздеріміздің жәутең қағып балалар үйін паналауы, ажырасу мәселесі тағы бар.Бұл жағдайлар күннен күнге өріс алатын болса, баланың өсуін тежеп, білімге, өмір ағысына,тәрбиеге нұқсан келмейді ме?Біз сондай өрескелікке жол бермейік.Ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын, ағайын!

Категория: Мектеп

 

Жер-2024

Автор: admin от 4-06-2024, 23:18, посмотрело: 33

0 Шу ауданы білім бөлімінің 2024 жылдың 03 маусым күні "Жер-2024”Республикалық командалық-штабтық оқу сейсмо жаттығулар өткізу тапсырмасы бойынша Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің «Мұғалімдер ұжымы, кіші қызметкерлер және оқушылар жер сілкінісі кезінде мектеп ғимаратынан эвакуациялау» атты сейсможаттығу сағат 10.00 де өткізілді
Қатысқандар саны:
Оқу-жаттығуға мектеп жанынан құрылған лагерьге келген балалар -150 оқушы,135-мұғалімдер, 42-кіші қызметкерлер қатысты.
Жер-2024
Жер-2024
Жер-2024
Жер-2024

Категория: Мектеп

 

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Автор: admin от 4-06-2024, 23:15, посмотрело: 30

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Мектеп директоры А. Сихимова мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді.
Оқушыларға рәміздердің тарихына, олардың маңыздылығына, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Гимніміз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Категория: Мектеп

 

"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті

Автор: admin от 4-06-2024, 20:16, посмотрело: 25

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған тамаша концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Таңертеңгілік жаттығулар мен түрлі ашық ойындар өткізілді. Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру - бүгінгі күннің басты міндеті. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен таныса алады.
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті

Категория: Мектеп

 

Бақытты балалық шақ

Автор: admin от 3-06-2024, 23:20, посмотрело: 35

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 2024 жылдың 1 маусым балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ" атты іс-шара өткізілді. Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз..#Балажан#
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ

Категория: Мектеп

 

Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Автор: admin от 1-06-2024, 23:35, посмотрело: 29

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 7 сынып оқушысы Такабаева Саида 2024 жылдың мамыр айының 28-29 күндері халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға саяхаттап келді. Барлық өңірден өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары мен түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада өмір сүруі, білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Кездесу әрі қарай ашық диалог форматында жалғасты. Онда балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты. «Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» тақырыбындағы іс-шараға бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кездесу соңында барлық балаға сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көшбасшылықты дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, балалар өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұған қоса балалар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралады.
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Категория: Мектеп

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Автор: admin от 1-06-2024, 23:24, посмотрело: 26

0
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕ
Құрметті ата-аналар мен білім алушылардың назарына!
Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі барлығымыз үшін маңызды. Осы ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға қауіпсіздік шараларының бірнеше ережесін ұсынады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Жаз мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
Балаларыңыздың су жағасына ата-анасыз баруына,шомылуларына қатаң түрде шектеу қойыңыздар! Өмірлеріне өте қауіпті екендігін ұмытпаңыздар.
Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
Балаларға су айдынында, өзен,көлдер мен каналда шомылудың ережесі, қауіптілігі жөнінде жиі айту керек.
Есіңізге сақтаңыз! Балаңыз сізден үлгі алады! Сол үшін әрбір іс-әрекетіңізге мұқият болғаныңыз абзал! Жазғы демалыста балаларыңызбен бірге уақыттарыңызды қызықты өткізуге тілектеспіз!
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің әкімшілігі.
ЖЕЛЕРІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 
 

Категория: Мектеп