Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Автор: admin от 28-02-2024, 23:35, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі(РО)2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспары негізінде магниттік мектептермен бірге 10 "в”сынып оқушылары және сынып жетекшісі Баетова Анар Ермеккызының ұйымдастыруымен "Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл”атты танымдық сағат өтті.Танымдық сағатымыздың мақсаты: – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың казақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету. Ғалымның геология ғылымдары саласындағы ғылыми еңбектерін жалғастырушы Қазақстан ғалымдарының еңбектерімен таныстыру
Танымдық сағаттың міндеттері:
оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет беру;
ой — өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
 ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу;
 отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Каныш Сәтбаев туралы кітап көрмесі, буклеттер мен пайдалы қазбалардың сынамалары.
Каныш Сәтбаев туралы қысқаша дерек: Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.1920-1941 жылдары — Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. Қазакстан геологтары жерімізден мол минералды шикізат қорын тауып отыр бұл арада ғұлама ғалым Каныш Имантайұлы Сатбаевтың енбегі ұланғайыр ендігі міндет жаңа экономикалык саясатка сай сол мол қазынаны есепсіз оңды солды шаша бермей бір түйірін де шашау шығармай орнымен жұмсап ұқсатып ел кәдесіне жарату ендігі туралы айтылды. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылғаны туралы оқушылар толғана айтып, өзерінің ән жырлары мен билерін билеп өнерлерімен қоса, Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағынан, әйгілі саясаткер Черчиллмен кездескен кездегі оқиғасынан көріністер көрсетті. Ең алдымен Каныш Сатпаев туралы бейнероликті ұсынды. Келесі кезекте оқушылар Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағы, студенттік жылдары мен ғылым жолындағы жылдары мен еңбектері және ғалымға қазақ ақындарының арнаған естелік өлеңдері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.
10 "В” сынып оқушысы Бекнұрдың орындауында "РАХМЕТ САҒАН ТУҒАН ЕЛ” атты әнді орындап, көрермен көңілінен шықты.
Осы танымдық сағатқа арнап мектебіміздің хореограф Маханова Аселдің үйретуімен" Сәтбаев вальсі”әніне қыздарымыз би билеп, көрермендердің көңілін көтерді.
Бүгінгі ұйымдастырылған танымдық сағатта Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері, ол туралы ғалымдардың естеліктері, Қазақстан ғалымдарының республикадағы геология, металлогения жөніндегі ғылыми еңбектері мен ақын жазушылардың ғалым туралы естеліктері ұсынылды. Сонымен, танымдық сағатымыздың мақсаты – Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету болды. Ұстаздар мен оқушылар танымдық сағаттан алған ой толғауларын ортаға салып өз ойларымен бөлісті.Соңынан барлық оқушылар мен ұстаздар танымдық сағатты "АТАМЕКЕН” әнін хормен айтып аяқтады.
10 "В” сыныптың жетекшісі: Баетова Анар Ермеккызы
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.