Батырлар ұраны

Автор: admin от 13-02-2024, 22:10, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 12- ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 10 "А” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сырымбетова Шынардың ұйымдастыруымен "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” ( Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл) тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен , Алаштың ардақтысы - Сәкен Сейфулиннің өмірбаяны мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу.
Танымдық сағат патриоттық ән "Батырлар ұраны” хорымен басталды. Оқушылар Сәкен Сейфулиннің өмірбаяны туралы мәліметтер айтып , ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның балалық шағы, есейген шағы және қамауға түскені туралы қойылымдар көрсетілді. Мың бұрала билеген 10 сынып оқушы қыздарының қазақша биімен кеш жалғасын тапты, Сапарбек Мирастың орындауында "Түрлі арман " әні шырқалды. Әрі қарай кеш көрермендермен сұрақ-жауап айдарымен жалғасын тапты. Магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп отырды. М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұстаздары және магниттік мектептердің де ұстаздары танымдық сағат туралы өз пікірлерімен бөлісті. Танымдық сағаттың соңында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Н. Жексенбаева сөз кезегінде танымдық сағатты жақсы деңгейде өткені туралы өз пікірлерін білдірді.
Батырлар ұраны
Батырлар ұраны

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.