English in my life

Автор: admin от 13-02-2024, 22:11, посмотрело: 13

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың 9 ақпанында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9”Д” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Аймахан Гүлназдың ұйымдастыруымен "English in my life” тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларға 21 ғасырдағы ағылшын тілінің маңызы мен қоғамдағы алатын орны орасан зор екенін ұғындыру. Бүгінгідей жаһандану заманында басқа да мемлекеттердің алдында өз елінің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін өзге тілді жетік меңгеру артық етпейді. Бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесінің бірден бірі - ағылшын тілін білу.
Ағылшын тілін білу сән емес, заман талабы, жан жақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің белгісі. Танымдық сағатында оқушылар көптеген ұлы-ойшыл, ғалымдарымыздың тіл білуге байланысты ұлағатты сөздерін айтты. "International boxing competition”, "Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама алу »
атты керіністер көрсетілді.Керермендер де өз ойларын айтып,танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті.Танымдық сағаттың соңында, мектеп мұғалімдеріне жене директордың эксперимент жөніндегі орынбасары
Б.Н.Джексенбаеваға сез кезегі берілді.Магниттік мектептің окушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
English in my life
English in my life

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.