Көшбасшы бол!

Автор: admin от 4-03-2024, 00:16, посмотрело: 8

0 *Көшбасшы бол!*
01.03.2024 жылы қасиетті жұма күні, алғыс айту күні, көктемнің алғашқы күні М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің кітапханасында 30 шақты оқушыны дастархан жайып, әңгімелесу үшін шайға шақырдым.
Мақсатым: қысқы сессиядан кейінгі оқушылардың үнін тыңдау, мектеп әкімшілігі мен оқушы арасындағы қабырғаны бұзу, оларға аналық, әкпелік, ұстаздық қолдау көрсету және қарым – қатынаста ашық болуға баулу, қазақи құндылықтарды оқушылар бойына сіңіру.
Әңгімелесуге келген 8-10-шы сынып оқушылары сессия кезінде өздерін жан – жақты қырынан көрсеткен патриот, көшбасшы, әдепті, қарапайым да мәдениетті оқушылар. Оқушылар арасынан 10 сынып оқушысы Тоқтасын Нұрхан дастарханға бата берді. Содан соң оқушыларға дастархан жаюымның себебін түсіндіріп кеттім. Өз ойларын еркін ортаға салуға шақырдым. Қысқы сессияның өту барысында оқушылардың алған әсерлерін сұрадым. Қызықты әңгімелерімен бөлісе отырып, көктемгі сессияны қай форматта өткізсек болады? деген сұраққа өз ойларымен ашық бөлісті. Білім додасына арналған интеллектуалды ойындар, «квест» білім сайысын әр пәннен ұйымдастыру, «Мектеп дауысы», әр тақырыпта дебат ұйымдастыру, М. Дулатовтың «Оян қазақ!» фильмінен көрініс көрсетсек деген сан түрлі ұсыныстарын айтты.
Балалармен басқосу қарым – қатынаста ашық болуға, адами құндылықтарды бойына сіңіруге септігі тиді деп ойлаймын. Ат салысқан кітапхана меңгерушісі Ақкүл тәтейге және мұғалімдерге алғысым шексіз. Оқушылар осы отырысқа шын ризашылықтарын білдіріп, мұғалімдерге рахметтерін айтып, тарқасты.
*Мектеп директорының орынбасары: Б.Н. Джексенбаева.*
Көшбасшы бол!
Көшбасшы бол!

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.