Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер

Автор: admin от 15-03-2024, 01:56, посмотрело: 18

0 14 наурыз күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 6 «В» сыныбында жоспарға сай бекітілген Қаратай Тұрысовтың 90 жасқа толуына орай «Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға еліне еңбегі сіңген қайраткердің өмір жолымен таныстыру. Балалар Қаратай Тұрысовтың еңбектерін бейне роликтер арқылы тамашалады. Ол тәуелсіздікке дейін пісіп-жетілген тарлан тұлға болатын. Қазақстан делегациясын бастап барған бірінші қазақ және Төлеген Тәжібаевтан кейін жоғары мінбеден сөйлеген екінші қазақ, – деді мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев.
Ал тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда атқарған еңбегі де өз алдына бір төбе.Қаратай Тұрысов қазақ геологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көктасжал кен орнын алғашқы ашқан тұлға болатын. Ол Орталық Қазақстанның кенді аймақтарының геологиялық картасын жасау ісіне сегіз жыл бойы үлес қосты. Одан Қаражол, Қарағайлы, Жәйрем, Бетпақдаланың тау-тасын кезіп, жаңа кен орындарын іздегені туралы оқушылар мағлұмат алып, танымдық сағат соңында ойларына түйгендері бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікірталас жүргізді.
Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер
Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.