Сөздің көркі-мақал

Автор: admin от 15-03-2024, 02:13, посмотрело: 19

0 15 ақпанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 6-сыныптар арасында «Сөздің көркі-мақал» тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: Мақал –мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екенін ұғындыру.
Сайыс 6 бөлімнен тұрды.1- бөлім: Үй тапсырмасы. Әр топ өздерінің топтарының атын, ұранын қорғады. Яғни 1-топ- «Бәйтерек» , 2-топ - «Бәйге», 3-топ- «Алғырлар». «Сұрақ-жауап» бөлімінде оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шапшаңдықтарын көрсете білді. Ал 4-бөлім мен 5-бөлімдерде сайысқа қатысушы әр топ берілген мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, бұрыс құрылған мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыруда белсенділік танытты. Сондай-ақ 6- бөлімде берілген мақал- мәтелдер бойынша өз ойларынан сурет салып, мазмұнын аша білді.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Алғырлар » тобы-
1- орын, «Бәйге» тобы- 2- орын, «Бәйтерек» тобы – 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сөздің көркі-мақал
Сөздің көркі-мақал
Сөздің көркі-мақал

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.