"Кітаптар әлемінде"

Автор: admin от 6-11-2020, 21:44, посмотрело: 279

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 6 қазан күні "Кітаптар әлемінде" атты ақын жазушымен онлайн кездесу ұйымдастырылып, жас талантты ақын, аудармашы Мақпал Мысамен әңгіме - сұхбат жүргізілді. Мақпал Мыса Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт" , "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған Абыз", " Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" республикалық байқауының бас жүлдесін иеленген. Мемлекеттік "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы. Кездесуге мектеп ұстаздары мен 6,7 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар жарыса сұрақтар қойып, ақынның өлеңдерін оқыды. Мақпал Мыса өзінің туындыларын жаттап үлгі алып жүрген оқушыларға ризашылығын білдіріп, оларға сәттілік тіледі. Бұл кездесуді ұйымдастырудағы мақсатымыз оқушыларға ақындық өнерді насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін ояту, кітап оқуға тарту.

"Кітаптар әлемінде"

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.