Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл

Автор: admin от 16-09-2022, 00:39, посмотрело: 31

0 «Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып –деген сөздерді өз халқына арнап жазған ұлы ағартушы, ұстаз, ақын, ғалым, зерттеуші Ахмет Байтұрсыновтың туғанына150 жыл. Ол қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Ұлт маңдайына біткен тұлға туған тіліне деген құрметі жоғары болды,оны бәрінен биік қойды.
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Қазақстан халқы тілдері» күні мерекесіне орай 14- қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл» тақырыбында жас мамандармен аудандық дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың Мәңгілік ел болу жолындағы атқарған еңбектері, ағартушылығы, даналық ойлары, ғылым мен мәдениеттің көсегесін көгерткендегі халық үшін еткен еңбегін насихаттау. Дөңгелек үстелге жиналаған жас мамандар ғалым еңбектерінің кешегі, бүгінгі, ертеңгі болашаққа ой тастар құнды ойларын ортаға салды. Бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отырған Тіл мәртебесінің маңыздылығы өскелең ұрпақтың қолында екенін, оны қастерлеп, құрметтеу керек екенін айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.