Төрт тоқсан- төрт өнер

Автор: admin от 15-09-2023, 22:47, посмотрело: 23

0
«Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің үйымдастыруымен «Бізді ақылды ететін кітап-дана» тақырыбында кітаптар керуені өтті. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап- білім бұлағы, білім- өмір шырағы»-деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»- деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев атамыз айтқандай, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші демекші, кітап сүйер оқушыларымыздың оқыған шығармалары бойынша ойларын ортаға салып,оқыған шығармаларын бойына сіңдіре отырып,шығармадағы әр кейіпкердің жан – дүниесіне үңіліп, кітап арқылы білімдерінің шыңдала түскенін байқатты. Өткізілген іс-шараны күнделікті басшылыққа ала отырып, мектеп өмірінде де,бос уақыттарында да оқырман қауымға насихаттап,үнемі кітап оқуларына ықпал жасап отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді .

Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.