Тіл - халық мұрасы

Автор: admin от 6-09-2023, 22:54, посмотрело: 16

0
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 6.09.2023 ж "Тіл - халық мұрасы" атты тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені... деп ақындарымыз жырлағандай біз өз ана тілімізді мақтан етеміз.
Іс-шара барысында 5-11сынып оқушылары туған тіліміз туралы өлең оқып, ән айтты. "Ерке сылқым" биімен бұрала билеген бишілерде болды. 10- сынып оқушысы Тоқтасын Нұрхан домбырамен өз туындысын орындап көрерменді тәнті етті. Сахнаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шығып, тіл туралы толғау орындады. Іс-шара "Қазақпын" әнімен жалғасты, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, туған жерін, тілін, Отанын сүюге баулыды.

Тіл - халық мұрасы
Тіл - халық мұрасы
Тіл - халық мұрасы
Тіл - халық мұрасы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.