Вечная память воинам – Афганистана!

Автор: admin от 18-02-2024, 04:21, посмотрело: 14

0 16 ақпан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Вечная память воинам – Афганистана!» тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Бұл шараны өткізуде оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсат етілді. Іс-шара барысында слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері, естеліктер көрсетілді. Оқушылар тақырыпқа сай көріністер көрсетіп, өлең жолдары мен әндер айтып, батырлар биі және әскери тақырыпта билер биледі. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері Жансейітов Асет Тұрғанұлы және Тажиев Бейбітжан Калыкович келді. Оқушылар ардагерлерге ойларында жүрген түрлі сұрақтарын қойып, әдемі сұхбат орын алды. Іс–шара барысында алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, өскелең ұрпақтың есінде қалар өте әсерлі кездесу болды.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Вечная память воинам – Афганистана!
Вечная память воинам – Афганистана!

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.