Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы

Автор: admin от 27-09-2023, 00:17, посмотрело: 79

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 2023 жылдың қыркүйек айының 25-де жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, мектеп директоры А. Сихимова сөз алып, жиналысты ашып берді.«Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы» атты тақырыбындағы баяндама бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Рахматова, бала тәрбиесіндегі ата-ананың негізгі міндеттерін және оқушылардың мектеп ережесін сақтау керек екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Мырзаханова, бала қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізді. Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы әлеуметтік педагог Д. Жылқыбаева айтып өтті.

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы

Категория: Мектеп

 

Хаттама №3

Автор: admin от 26-09-2023, 04:38, посмотрело: 77

0
Хаттама №3
Хаттама №3
Хаттама №3
 

Категория: Мектеп

 

Марапаттау

Автор: admin от 18-09-2023, 22:37, посмотрело: 110

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 18.09.2023 ж. Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Кариев Тимур Болатұлы Әмір Даниярұлын Адам өмірін құтқарғаны үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы атынан Алғыс хатымен марапаттады.

Марапаттау
Марапаттау
Марапаттау

Категория: Мектеп

 

Төрт тоқсан- төрт өнер

Автор: admin от 15-09-2023, 22:47, посмотрело: 83

0
«Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің үйымдастыруымен «Бізді ақылды ететін кітап-дана» тақырыбында кітаптар керуені өтті. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап- білім бұлағы, білім- өмір шырағы»-деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»- деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев атамыз айтқандай, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші демекші, кітап сүйер оқушыларымыздың оқыған шығармалары бойынша ойларын ортаға салып,оқыған шығармаларын бойына сіңдіре отырып,шығармадағы әр кейіпкердің жан – дүниесіне үңіліп, кітап арқылы білімдерінің шыңдала түскенін байқатты. Өткізілген іс-шараны күнделікті басшылыққа ала отырып, мектеп өмірінде де,бос уақыттарында да оқырман қауымға насихаттап,үнемі кітап оқуларына ықпал жасап отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді .

Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер
Төрт тоқсан- төрт өнер

Категория: Мектеп

 

Отбасы- бақыт мекені

Автор: admin от 15-09-2023, 22:45, посмотрело: 63

0
Бүгін, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) отбасы күніне орай ұйымдастырылған "Отбасы- бақыт мекені" атты іш - шараның жабылу кеші өтті. Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Мерекелік іс- шараға оқушылар белсене қатысып отбасына қатысты түрлі өлең жырларын, ән билерін арнады.

Отбасы- бақыт мекені
Отбасы- бақыт мекені
Отбасы- бақыт мекені

Категория: Мектеп

 

Менің отбасым

Автор: admin от 15-09-2023, 22:41, посмотрело: 78

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 10 - 15 қыркүйек аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында ,Менің отбасым" атты сурет байқауы өтті.Байқаудың мақсаты:Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту,өз жанұясы туралы ойын жеткізу. Оқушылар байқауға белсене қатысып , 4ә сынып оқушысы Бейсентай Абзал, 4д сынып оқушылары Сулейман Инжу және Даутхан Анара 1-орын алып мақтау қағазымен марапатталды. 2-орынды иеленген 4ә сынып оқушысы Арыстанбекқызы Інжу,4д сынып оқушылары Ильясова Дария,Алиева Хадиджа мақтау қағазымен марапатталса,
3-орынды иеленген 4в сынып оқушысы Ерлан Амина,4ә сынып оқушылары Мейірқұл Санжар,Төлепберген Еңлік мақтау қағазымен марапатталды.

Менің отбасым

Категория: Мектеп

 

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Автор: admin от 15-09-2023, 22:39, посмотрело: 54

0
Тілдер мерекесінің жабылуына орай М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 15.09.2023 ж. "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында кеш өтті. Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтей білуге тәрбиелеу. Кеш барысында оқушылар тіл туралы тақпақтарын, әндерін айтып билерін билеп ана тіліне деген өз құрметтерін жеткізді.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Категория: Мектеп

 

Отбасы күніне

Автор: admin от 14-09-2023, 22:43, посмотрело: 79

0
14.09.2023 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 10-9 сынып оқушыларымен
,,Отбасы күніне" орай өмірі қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Төле би ауылының тұрғыны 86 жастағы Мырзақұлов Базарқұл атамыздың үйіне барып үй тазалығымен айналысып көмек көрсеттік. Атамыз рахметін айтып батасын берді.

Отбасы  күніне
Отбасы  күніне
Отбасы  күніне

Категория: Мектеп

 

Мерейлі отбасы

Автор: admin от 11-09-2023, 22:48, посмотрело: 52

0
07.09.2023жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің(Р.О) 10 -шы сынып оқушыларымен "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпазы болған Ахметжановтар отбасымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
Орындаған: Кәсіптік бағыт бағдар беруші педагогы Асаиынова Ж, Алиев А.

Мерейлі отбасы
Мерейлі отбасы
Мерейлі отбасы
Мерейлі отбасы

Категория: Мектеп

 

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы

Автор: admin от 9-09-2023, 22:51, посмотрело: 99

0
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 08.09.2023 жылы «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, — демекші, аталған іс-шараға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Сайыс болған соң әрине, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шығады. Жүлделі бірінші орынды 5 сынып оқушысы Азимова Хадиджа иеленді. Екінші орынды 5 сынып оқушысы Жаппарова Ася, 6 сынып оқушысы Мурадова Наргиза қанжығасына байлады. Үшінші орынға Рафатова Айсу, Дурсунова Сонгуль, Османов Руслан ие болды. «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында ұйымдастырылған сайысы жоғары деңгейде өтті.

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы

Категория: Мектеп