Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш

Автор: admin от 5-06-2023, 05:54, посмотрело: 56

0
Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 31 жыл толып отыр. Бұл бүкіл халықтың, тұтас еліміздің беделді серекесі екені анық. Барша Отандастарымызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтай отыра мектебіміздің Жас Ұландықтарымен "Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу, еліміз үшін көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздыңмән маңызы айрықша екендігін ұғындыру

Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш

Категория: Мектеп

 

4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

Автор: admin от 4-06-2023, 15:52, посмотрело: 49

0
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданың білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) ұжымы
ҚР Рәміздерін насихаттау бойынша 2023 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Рәміздерді білу міндетіміз" тақырыбында мұғалімлер арасында гимнді айтып шығу ұйымдастырылып өткізілді. Мұғалімдер рәміздерді мақтан тұта отырып, ҚР мемлекеттік гимнді нақышына келтіріп орындап шықты.
Мақсаты: рәміздерді құрметтеу, мақтан тұту, рәміздер туралы толық түсінік беру.Қазақстан көк байрағын құрмет етуге тәрбиелеу. Және барша Қазақстандықтардың өз алдына бейбіт ел екенін мақтан тұтуға өз үлестерін қосу.

Категория: Мектеп

 

Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі

Автор: admin от 2-06-2023, 05:50, посмотрело: 50

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) сессияаралық кезеңде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының бастамасымен танымдық сағаттар өткізілді. 2023 жылдың 23 мамырында Жайсан ауылы Жайсан орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында және 26 мамыр Алға ауылы Алға орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында тірек мектебінің «Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі» атты үйірменің жетекшісі Асенова Қазына Темірханқызы «Ұлы дала елінің бахадүрі - Сұлтан Бейбарыс 800 жыл» тақырыбында 5ылыми жоба ретіндегі дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал перзенті, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарыстың өмір жолы туралы араб тіліндегі бұрын қазақ оқырманына белгісіз болып келген деректерді жеткізу болды. Ата-бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, «Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік» деген екен. Аталған екі мектептің де оқушылары жоғары қызығушылықпен дөңгелек үстелге ат салысты, өз ойларын жеткізе біледі, білім атты қоржындарына тағы бір батыр туралы мағлұматтарды жинап қайтты. Дөңгелек үстел соңында кері байланыс жасап дөңгелек үстелден алған әсерлерін шығарма түрінде жазып өткізді. Келесі оқу жылында осы тақырып жалғасын табады.

Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі
Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі
Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі
Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі
Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі

Категория: Мектеп

 

Болашаққа бастар жол!

Автор: admin от 1-06-2023, 02:53, посмотрело: 64

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы «Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиын өтті. Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі-бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өзінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұзтаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырды. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп,Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына тілектеспіз. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап,жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз!
Болашаққа бастар жол!
Болашаққа бастар жол!
Болашаққа бастар жол!
Болашаққа бастар жол!
Болашаққа бастар жол!

Категория: Мектеп

 

1-маусым

Автор: admin от 1-06-2023, 02:51, посмотрело: 57

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1-маусым балаларды қорғау күніне орай 5,6,7-сыныптар аралығында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдамтыруымен спорттық ойындар өтті.5,6,7 сынып оқушылары белсене қатысып , жүлделі орындарға ие болды.
1-маусым
1-маусым
1-маусым
1-маусым

Категория: Мектеп

 

Әрқашан күн сөнбесін!

Автор: admin от 1-06-2023, 02:49, посмотрело: 93

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1-маусым балалар күніне орай ,,Әрқашан күн сөнбесін!" атты мектепішілік асфальтқа сурет салу байқауы өтті.Байқау 2-4 сыныптар арасында болды. Белсене қатысқан, жақсы сурет салған сыныптар 1,2,3 орындармен мадақтамамен марапатталды
Әрқашан күн сөнбесін!
Әрқашан күн сөнбесін!
Әрқашан күн сөнбесін!
Әрқашан күн сөнбесін!

Категория: Мектеп

 

31 мамыр

Автор: admin от 31-05-2023, 02:47, посмотрело: 56

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1- 11 сыныптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы уақыттарының бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік ашаршылықты еске алу күні туралы оқушыларға түсінік беріп өтті.
31 мамыр
31 мамыр
31 мамыр

Категория: Мектеп

 

Су қауіпсіздік ережелері

Автор: admin от 31-05-2023, 02:44, посмотрело: 68

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 30 мамыр күні 5-8 сынып оқушыларының білім алушылармен мектептің құқықтық тәрбиесі жөніндегі орынбасары Л.Мырзаханова жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой-өрісін кеңейтіп,білімін дамытып,тереңдету; ата-анасыз шомылуға баруға болмайтыны жөнінде түсініктер беру және жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында «Су қауіпсіздік ережелері» , «Өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Су қауіпсіздік ережелері
Су қауіпсіздік ережелері
Су қауіпсіздік ережелері

Категория: Мектеп

 

1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі

Автор: admin от 29-05-2023, 02:30, посмотрело: 66

0
2023 жылдың мамыр айының 10-ы күні М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) мұғалімдері, үйірме жетекшілері Абдукаимова Фаризат және Қайыржанова Гулмираның ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінде «1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі» күні мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, өз Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға, біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін дәріптеу және жас буынның шығармашылық қабілеттерін нығайту, ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттың мүдденің өркенднуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар мен жалпы адамзаттың құндылықтарды өзара ұштастыра алатын тұлғаны тәрбиелеу, 8-9сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында сайыс сабақ жоғары деңгейде өтті. Сайыс сабақ 5кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең: Таныстыру
Екінші кезең: «Өнерілінің он қолы бар» (ұлттық сән үлгісін көрсету)
Үшінші кезең: «Ән көңілдің ажары, мың бұралған бишілер» (ән немесе би, өз өнерлерін көрсету)
Төртінші кезең: «Ас адамның арқауы» (ұлттық тағамдар көрінісі)
Бесінші бөлім: «Әрқашан күн сөнбесін» (сурет салу, сол жерде)
Әр сынып оқушылары: қазақ, орыс, түрік, кәріс, украин ұлты болып бөлініп, әр ұлт өкілдерінің тағамдарын жасап алып келіп таныстырып, әр ұлттың тарихын дәстүрін дәріптеп, әр ұлттың өнерлерін көрсетті.
Сайыс соңын М. Мақатаев атындағы тірек орта мектеп (РО) директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева және Ш.Мұртаза атындағы орта мектеп директорының орынбасары Қ.Мейрманова қорытындылады.
1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі
1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі
1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі
1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі

Категория: Мектеп

 

Ата-аналар жиналыс

Автор: admin от 26-05-2023, 02:27, посмотрело: 62

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 25 мамыр күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі.
2.Жаз мезгіліндегі қауіпсіздігік (су қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі)
3.Жаз мезгіліндегі жазғы сауықтыру лагері
4. Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы
5.Әр түрлі мәселелер
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымы мен әр сыныптың комитеттері, сынып жетекшілер қатысты. Мектеп директоры А.Сихимова оқу жылындағы атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Жиналыстың соңында мектеп директоры А.Сихимова жыл бойы мектеп өміріндегі қоғамдық іс-шараларға қатысып,белсенділік танытқан ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады!
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс

Категория: Мектеп