Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз

Автор: admin от 21-12-2022, 04:10, посмотрело: 78

0
2022 жылы 21 желтоқсанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) үйірме жетекшілері Асенова Қазына және Кайбагарова Нұрзада жоспарға сәйкес 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді жан - жақты таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оқушыларды отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары жайында, елтаңба мен туда бейнеленген бейнелердің мағынасын ашып айтып, өз білімдерімен бөлісті. Әнұран шырқалып, рәміздер туралы слайд, бейнебаян көрсетілді. Дөңгелек үстелге мектеп басшылары, ұстаздар, оқушылар қатысты. Жексенбаева Баян Ниятуллақызы дөңгелек үстелге қатысушыларды мерекемен құттықтады және рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігінің мықты тіреуі болып табылатынын, әрбір азамат оларды сыйлауға тиіс екендігін еске салды.
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз

Категория: Мектеп

 

Тұғыры биік-Тәуелсіздік

Автор: admin от 15-12-2022, 04:14, посмотрело: 68

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 14 желтоқсан күні 8 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері З.Кокеева, Г.Қазанбаева, А. Медеубаева, Ғ.Таурбекова Тәуелсіздік күніне орай "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: қазақ елінің жүріп өткен жолдары, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен ел болу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында оқушылар бойында білім қалыптастыру, оқушыларды Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқының бастан кешкен оқиғаларын, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістеріміз және болашақ Қазақстан туралы өз ойларын ортаға салды.
Тұғыры биік-Тәуелсіздік
Тұғыры биік-Тәуелсіздік

Категория: Мектеп

 

Оқуға құштар мектеп

Автор: admin от 15-12-2022, 04:12, посмотрело: 80

0
2022 жылы 15 желтоқсан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, кітапханашылар А.Тоқтыбаева, А,Әбдеш және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ибрагимованың ұйымдастыруымен экспериментке алынған 8-9-сынып оқушылары арасында «Кітап- рухани байлығымыз!» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызды білім құралы екенін түсіндіре отырып, елінің үмітін ақтайтын, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында өткізілген танымдық кеште «Мен оқыған бір кітап», «Кітап пен қалам егіз ұғым», «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» кезеңдері бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. «Мен оқыған бір кітап» кезеңінде оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан түсінгендерін оқиғаның сюжеттік желісі бойынша талдап, мазмұнын айтса, «Кітап пен қалам егіз ұғым» бөлімінде оқушылар өздері оқыған шығармаларының авторына және ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлеріне деген ерекше сезімдерін хат жазу арқылы толқыныспен әсерлі жеткізе білді. Келесі «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» бөлімдерінде сұрақтарға жауап беріп, көрермендермен ой бөлісті. Көрермендер де өз кезегінде бүгінгі көпшіліктің санасы ғаламторға шырмалған заманда өзекті болып , ел мұңына айналған сауалдар төңірегінде ой қозғады.
Кітапханашы А.Тоқтыбаева кітапханамыздың қорын толықтырып отырған жаңа кітаптарды оқуға шақыру мақсатында «Жаңа кітап- жаңа әлем» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып өтті.
Кеш соңында белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Оқуға құштар мектеп
Оқуға құштар мектеп

Категория: Мектеп

 

Мамандығым мақтанышым

Автор: admin от 8-12-2022, 04:16, посмотрело: 91

0
07.12.2022 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(Р.О) 9 -шы сынып оқушыларымен "Мамандығым мақтанышым" тақырыбында педагог кәсіби бағыт бағдар беруші Асаиынова Ж.Ж кездесу өткізді.
Мақсаты: мамандықты таңдауда бағыт беру.
Кездесу мектеп түлегі Қиқымбаев Ғани Қуанышұлымен өтті.

 

 

Категория: Мектеп

 

Күз-мерекем, күз-берекем

Автор: admin от 25-11-2022, 04:27, посмотрело: 84

0
«Күз-мерекем, күз-берекем» байқауының мәліметі
Қараша айының 25 жұлдызында мектебімізде «Күз-мерекем, күз- берекем» атты 6-8 сынып оқушылары арасында байқау өтті. Оқушылар өте жоғары деңгейде дайындалған. Бұл байқау арқылы біз оқушыларға күз кереметтерін, күз мезгілінің молшылығын көрсеттік. Байқауда жүлделі орынға ие болған сыныптар:
I орын – 8 «В»
II орын – 6 «Б»,8 «Д»
III орын – 6 «А»,7 «А», 8 «Ә»
Қалған сыныптарға номинациялар бұйырды.
Жүлделі орын алған сыныптар мадақтама қағазымен марапатталды.
Күз-мерекем, күз-берекем
Күз-мерекем, күз-берекем
Күз-мерекем, күз-берекем

Категория: Мектеп

 

Білім додасы

Автор: admin от 25-11-2022, 04:22, посмотрело: 80

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) үйірме жетекшісі Кайбагарова Нұрзада 2022 жылдың 25 қарашасында Алға орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында креативті ойлайтын, интеллектісі жоғары, өзіне сенімді, топпен жұмыс істей отырып, өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу мақсатында "Білім додасы" атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс Алға орта мектебінің АКТ залында өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары келіп жанкүйер болды. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Сахна өз дәрежесінде безендіріліп, музыкамен әрленіп, сайыс кезеңдеріне суреттер, слайд, бейнероликтер жасалып, оқушылардың қызығушылығын туғызып, көрермен қауымын баурап алды. Көрермендермен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Нәтижесінде сайысқа қатысқан командалар мақтау қағазымен марапатталды. Сайыс соңында Жексенбаева Баян Ниятуллақызы, Шуратбаева Қарылғаш Шатырханқызы мен Алға орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Балнұр Кенжебекқызының сөзімен қорытындыланды.
Білім  додасы
Білім  додасы

Категория: Мектеп

 

Психологиялық қолдау көрсету, логиқалык ойлау элементтерін дамыту

Автор: admin от 18-11-2022, 04:26, посмотрело: 75

0
17.10.2022жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(Р.О) 9,10,11 сынып оқушыларымен "Психологиялық қолдау көрсету, логиқалык ойлау элементтерін дамыту" тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мақсаты: PISA тапсыру барысында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, логикалық тапсырмалар мен жаттығулар арқылы таным процестерін қалыптастыру..
Психологиялық қолдау көрсету, логиқалык ойлау элементтерін дамыту
Психологиялық қолдау көрсету, логиқалык ойлау элементтерін дамыту

Категория: Мектеп

 

Days of the week

Автор: admin от 17-11-2022, 04:30, посмотрело: 57

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қараша айының 17-жұлдызы шет тілдер айлығының жоспарына сәйкес 3 "Б" сыныбында "Days of the week" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Өткізген мұғалім Уразова Жансая Бактигереевна. Сабақтың оқу мақсаты: * identify the days of the week;
* Use days of the week in simple sentences;
* Learn how to use Present Simple;
Ашық сабақ өтудегі мақсат: оқушылардың білімдерін кеңейту, ағылшын тілін меңгерту, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сабақтың барысында тақырыпты ашу үшін видио ролик көрсетілді, жаңа сөздермен танысты, жаңа сөздерді есте сақтау үшін ойын ойнатылды. Апта күндеріне байланысты тапсырмаларды орындады. Бірінші тапсырмада оқушылар суретте бейнеленген іс әрекет пен апта күндерін байланыстырып, сөйлемдер құрастырды. Present Simple осы шақ ережесімен танысып, екінші тапсырманы оңай орындап шықты. Ол тапсырмада сөйлемдегі етістіктің дұрысын таңдау болды. Үшінші тапсырмада мәтінді оқып, аударды және берілген суреттердің астына мәтіндегі айтылған апта күндерін жазды. Оқушылар "Days of the week" тақырыбын меңгеріп, ағылшын тілінде сөйледі. Сабақтың білім сапасы 72%.
Days of the week
Days of the week
Days of the week

Категория: Мектеп

 

Теңге – тәуелсіздік келбеті

Автор: admin от 16-11-2022, 05:01, посмотрело: 61

0
Мектебімізде 15 қараша «Теңге – тәуелсіздік келбеті» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға төл теңгеміздің шығу тарихын, тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру
.
Теңге – тәуелсіздік келбеті
Теңге – тәуелсіздік келбеті
Теңге – тәуелсіздік келбеті
Теңге – тәуелсіздік келбеті
Теңге – тәуелсіздік келбеті

Категория: Мектеп

 

Біз нашақорлыққа қарсымыз

Автор: admin от 14-11-2022, 04:32, посмотрело: 47

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларымен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында 10 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселді жан – жақты меңгерту мақсатында
Біз нашақорлыққа қарсымыз
Біз нашақорлыққа қарсымыз
Біз нашақорлыққа қарсымыз

Категория: Мектеп