Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бракераж

Автор: admin от 15-11-2023, 23:13, посмотрело: 20

0
Бракераж
Бракераж

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Қош келдің алтын күз!

Автор: admin от 13-11-2023, 21:55, посмотрело: 22

0
2023 жылдың 9-10қараша күндері М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Р О) 3-4 сынып оқушыларының қатысуы мен " Қош келдің алтын күз!" байқауы өткізілді. Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1-ші кезеңде оқушылар өздерін таныстырды.
2-ші кезеңде оқушылар өздерін ән-би мен паш етті.
3-ші кезеңде оқушылар өздерінің қолдан жасалған бұйымдарын көрсетті және таныстырды. Қатысушылар байқауға жоғары деңгейде дайындалып келіп, бас жүлдені 4"ә" сынып оқушысы Доктырбай Айшат иеленді.
І орынды 4"а"сынып оқушысы Бахытжан Аяна
ІІ 4"в" сынып оқушысы Жақан Нұрсәт
ІІ орынды 4"г" сынып Айтжан Алуа иеленді. Қалған қатысушыларымыз номинациямен марапатталды.
Байқау жоғары деңгейде өтті.
7-8 сынып оқушыларының қатысуы мен " Күз-мерекем,күз берекем!" атты байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңнен тұрды.
1-ші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырады.
2-ші кезеңде қатысушылар өздерінің қолдан жасалынған бұйымдарымен таныстырады.
Қатысушылар байқауға жоғары деңгейде дайындалып келіп, бас жүлдені
8"ә" сынып. Сынып жетекшісі Ахина Жұлдыз.
І орын 7"б" сынып. Сынып жетекшісі Әбілтаева Жанерке.
ІІ орын 8"а"сынып. Сынып жетекшісі Махатова Айгүл Серікқызы.
ІІІ орын 7"в" сынып. Сынып жетекшісі Тулебаева Асель.
Қалған сыныптар номинация мен марапатталды.
Байқау жоғары деңгейде өтті.
9-10 сыныптар арасында оқушылардың қатысумен "Қош келдің алтын күз-2023" атты байқауы өткізілді. Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1-кезеңде оқушылар өздерін таныстырады.
2-кезеңде оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті.
3-кезеңде оқушылар өздерінің қолдан жасылынған бұйымдарын көрсетті және таныстырды. Қатысушылар байқауға жоғары деңгейде дайындалып келіп, бас жүлде иегері 9"в" сынып. Сынып жетекшісі Қазанбаева Гүлнұр.
І орын иегері 9"ә" сынып. Сынып жетекшісі Медеубаева Айгерім.
ІІ орын иегері 10"ә" сынып. Сынып жетекшісі Омбаева Гүлнұр.
ІІІ орын иегері 10"а" сынып. Сынып жетекшісі Сырымбетова Шынар және 9"г" сынып. Сынып жетекшісі Балхожаева Айнұр. Қалған қатысушыларымыз номинациямен марапатталды. Байқау жоғары деңгейде өтті.

Қош келдің алтын күз!
Қош келдің алтын күз!
Қош келдің алтын күз!
Қош келдің алтын күз!
Қош келдің алтын күз!

Категория: Мектеп

 

Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының

Автор: admin от 10-11-2023, 21:52, посмотрело: 16

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
«Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ашылуы ұйымдастырылып , 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың бас ұстазы – ата-ана, позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында ата-аналарға арналған алғашқы сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.
# педагогикалық қолдау орталығы
#центры педагогической поддержки

Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының
Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының
Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының
Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының

Категория: Мектеп

 

Қауіпсіз интернет

Автор: admin от 10-11-2023, 21:50, посмотрело: 15

0
Ата-аналарға арналған ұсыныстар:
Жасөспірімдердің қатысуымен Интернетке кірудің үй ережелерінің тізімін жасаңыз және оны сөзсіз орындауды талап етіңіз. Балаңызбен тыйым салынған сайттардың тізімін («қара тізім»), интернеттегі жұмыс уақытын, Интернеттегі байланыс нұсқаулығын (соның ішінде чаттарда) талқылаңыз.
Интернет желісіне қосылған Компьютер ортақ бөлмеде болуы керек.
Шынайы өмірдегі достар туралы сөйлескендей, Интернеттегі достары мен немен айналысатындары туралы балалармен сөйлесуді ұмытпаңыз. Бұл адамдардың таныс екеніне көз жеткізу үшін балалар жедел хабар алмасу қызметтері арқылы байланысатын адамдар туралы сұраңыз.
Стандартты Ата-ана бақылауына қосымша ретінде қажетсіз мазмұнды блоктау құралдарын пайдаланыңыз
Сіздің балаларыңыз қандай чаттарды қолданатынын білуіңіз керек. Модераторлық чаттарды пайдалануды ынталандырыңыз және балалардың жеке режимде сөйлеспеуін талап етіңіз.

Қауіпсіз интернет
Қауіпсіз интернет
Қауіпсіз интернет
Қауіпсіз интернет

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 9-11-2023, 22:45, посмотрело: 16

0
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Ағылшын тілі пәні мұғалімі» 1 бірлік (уақытша)
- Лауазымдық жалақысы: 150000 – 180000 тг. (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 10.11.2023 -21.11.2023 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 27.11.2023 жылғы сағат 15:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Автор: admin от 9-11-2023, 21:47, посмотрело: 21

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде, әр айдың 15-і күні мектеп бойынша, әр түрлі тақырыпта қыздар жиналысы өтіп тұрады. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты қыздар жиналысының мақсаты, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Категория: Мектеп

 

Тарихи сәт

Автор: admin от 8-11-2023, 21:46, посмотрело: 20

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) 2023жылдың 7 қараша күні тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "тарих апталығының" ашылуына орай "тарихи сәт" тақырыбында тарихи көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихын тас ғасырынан, қазіргі кезеңге дейінгі кезеңін және қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету.
Көрмеде тас ғасыры, қола дәуірі, "Алтын киімді адам", Томирис ханшайым, түрік дәуірінен Күлтегін қаған, Қазақ хандығының негізін қалаған хандар Жәнібек пен Керей хандар, қазақтың ұлы ханы-Абылай, қазақтың соңғы ханы Кенесары көрсетілді. Сонымен қатар көшпелі қазақтардың баспанасы киіз үй мен қазақтың тұрмыстық құрал-саймандары, Ақан Сері, Біржан сал, қазақтың бас ұстазы Ыбырай, қазақтың шоқ жұлдызы Шоқан және де Абайда көрсетілді. 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, Ұлы Отан соғысы жылларындағы Қазақстан, Бауыржан Момышұлы, Шығыстың қос жұлдызы Мәншүк пен Алия, 1986 жылғы Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков көрстелді. Көрменің ең соңында қазіргі 130 дан астам ұлт өкілдерінен тұратын Қазақстанның татулығы көрсетілді.

Категория: Мектеп

 

Бала құқығы-адам құқығы

Автор: admin от 7-11-2023, 21:42, посмотрело: 14

0
Шу ауданы білім бөлімінің Мұқагали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Бала құқығы-адам құқығы» ақпараттық науқаны жоспарына сәйкес аудандық Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналдық бөлімшесінің полиция лейтенанты Н.А.Кыздарбеков "Жасөспірімдер арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу"тақырыбында дәріс жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат болуға баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дәріс барысында жасөспірімдерді психотроптық заттары бар тағамдарды тұтынуға әуестенбеуге,темекі, есірткі және басқа да зиянды заттар туралы әңгімелеп, есірткіден сақтануға, олардың зияны туралы және бос уақытты тиімді пайдалану, кітап оқу, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңес берілді.
Оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы, әр азаматтың өмірінде саламатты өмір қалыптастыру керектігін сезініп, өмірді жақсарту жолдарын таңдау, әркімнің өз қолында екендігін түйсіне білді.

Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы

Категория: Мектеп

 

Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да өзін-өзі дамытуға мұрша береді

Автор: admin от 6-11-2023, 21:40, посмотрело: 21

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде,күзгі демалыс кезінде 5-9 сынып оқушылары арасында баскетбол,волейбол,жеңіл атлетика сонымен қатар ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.Оқушыларымыз белсене ат салысып,өз бақтарын сынады.Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да өзін-өзі дамытуға мұрша береді

Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да  өзін-өзі дамытуға мұрша береді
Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да  өзін-өзі дамытуға мұрша береді
Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да  өзін-өзі дамытуға мұрша береді
Спорт адам баласына тез физикалық қана емес моральді тұрғыдан да  өзін-өзі дамытуға мұрша береді

Категория: Мектеп

 

Серпін-2050

Автор: admin от 6-11-2023, 21:38, посмотрело: 12

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің
9-10 сынып білім алушыларымен «Жастар» орталығы мамандары атынан «Серпін-2050» жобасы аясында Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ресурстық орталығының КММ-нің ұйымдастыру және жастар бастамаларының қолдауымен Сейталы Ғалымжан Аманкелдіұлы кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Жастар»орталығының маманы Ғ. Сейталы өздерінің мамандықтары туралы және «Серпін-2050» жобасы аясында бағдарламасының басты мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлауға және гранттардың бөлінетіндігі , тегін оқытылатындығы туралы насихаттап кеңес берді.

Серпін-2050
Серпін-2050
Серпін-2050
Серпін-2050

Категория: Мектеп