Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мен мамандықты қалай таңдаймын

Автор: admin от 23-02-2024, 23:29, посмотрело: 19

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 10 "А” сынып оқушылардың және сынып жетекшісі Сырымбетова Шынардың ұйымдастыруымен "Мен мамандықты қалай таңдаймын” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілетін арттыру.
" Ең қызықты мамандықтар” туралы бейнеролик көрсетілді. Сол бейнероликке байланысты бірнеше сұрақтар қойылып әңгіме жүргізілді. Болашақта Қазақстан нарығы мен болашақ дамуына, қажетті сұранысқа ие 10 мамандық түрлері, өмірде мамандық таңдаудағы факторлар туралы да әңгіме өрбіді.
"Психометрия” психолгиялық ахуал аясында
оқушылар өздеріне қай мамандық ұнайтыны, не үшін ұнайтыны жайлы айтты.
Мотивация ретінде Маржан Арапбаеваның " Тек алға” әні қойылып сергіту сәті жүргізілді. Сонымен қатар ұстаздар өздерінің мамандығын қалай, не үшін таңдағаны туралы айтып ой пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің соңында директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Н. Джексенбаеваға сөз берілді.
Мен мамандықты қалай таңдаймын
Мен мамандықты қалай таңдаймын
Мен мамандықты қалай таңдаймын

Категория: Мектеп

 

Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...

Автор: admin от 23-02-2024, 23:28, посмотрело: 11

0 23 ақпанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі айлығының жабылу салтанатына арналған "Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем..." тақырыбында Хан Тәңірінің Мұзбалағы,тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, "Ғасыр ақыны " атанған, миллиондаған сырлы сезімдердің иесі- Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында ерекше ән-кеші өткізілді. Кештің ерекшелігі ақиық ақынның сөзіне жазылған әндерді мұғалімдер өз шәкірттерімен сахна төрінде әуелете шырқай білді. Атап айтсақ, А.Пазылбекова "Бақыт деген" , бастауыш мұғалімі Р.Дауталиева "Қарасазым-ай", Г.Шайдахметова "Естелік", Ж.Уразова "Туған өлке", Б.Әдішев "Жарығым-ай"әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Магниттік мектептерден де мұғалімдер мен оқушылар белсене атсалысып, өнерлерін көрсетті. Мәселен, Алға орта мектебінің мұғалімі Бөлдешова Алмагүл мен Доғдырбай Дияс "Күрең күз"әнін және Еңбекші орта мектебінің мұғалімі Абдикаримова Ұлбота мен Сапаралы Сабина "Бақыт деген" әнін шырқап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, сахнада "Аңса жаным", "Мен деп ойла", "Ана,сен бақыттысың" әндері де шырқалды. Балтабаева Зарина ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты әнін шырқап, көрермен жүрегін тебіренте білді. Кеш соңында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова өзінің кештен алған әсерімен бөлісіп, жылы лебізі мен ризашылығын білдірді. Жыр сүйер қауым ақынның әлеміне тереңірек бойлап, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлеп, қастерлейтін мұрасы екеніне куә болды.
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...

Категория: Мектеп

 

Сейсмологиялық жаттығулар

Автор: admin от 23-02-2024, 23:26, посмотрело: 11

0 23 ақпан сағат 11:00-де дабыл қоңырауы соғылып Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің оқушылары мен мұғалім және кіші қызметкерлермен сейсмикалық жаттығу (жер сілкінісіне орай) басталды.Бұл жаттығудың мақсаты оқушыларды ғимараттан шығарып,қауіпсіз жерге орналастыру.Мектептегі электр қуаттарын сөндірілді.Жаттығу ға 1 ауысым оқушылары оның ішінде 680 оқушы,130 шақты мұғалім 40 кіші қызметкер және шағын орталықты бала бағшадағы 50 тәрбиеленуші осы сейсмикалық жаттығу ға қатысты.
Сейсмологиялық жаттығулар
Сейсмологиялық жаттығулар
Сейсмологиялық жаттығулар

Категория: Мектеп