Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...

Автор: admin от 23-02-2024, 23:28, посмотрело: 11

0 23 ақпанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі айлығының жабылу салтанатына арналған "Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем..." тақырыбында Хан Тәңірінің Мұзбалағы,тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, "Ғасыр ақыны " атанған, миллиондаған сырлы сезімдердің иесі- Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында ерекше ән-кеші өткізілді. Кештің ерекшелігі ақиық ақынның сөзіне жазылған әндерді мұғалімдер өз шәкірттерімен сахна төрінде әуелете шырқай білді. Атап айтсақ, А.Пазылбекова "Бақыт деген" , бастауыш мұғалімі Р.Дауталиева "Қарасазым-ай", Г.Шайдахметова "Естелік", Ж.Уразова "Туған өлке", Б.Әдішев "Жарығым-ай"әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Магниттік мектептерден де мұғалімдер мен оқушылар белсене атсалысып, өнерлерін көрсетті. Мәселен, Алға орта мектебінің мұғалімі Бөлдешова Алмагүл мен Доғдырбай Дияс "Күрең күз"әнін және Еңбекші орта мектебінің мұғалімі Абдикаримова Ұлбота мен Сапаралы Сабина "Бақыт деген" әнін шырқап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, сахнада "Аңса жаным", "Мен деп ойла", "Ана,сен бақыттысың" әндері де шырқалды. Балтабаева Зарина ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты әнін шырқап, көрермен жүрегін тебіренте білді. Кеш соңында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова өзінің кештен алған әсерімен бөлісіп, жылы лебізі мен ризашылығын білдірді. Жыр сүйер қауым ақынның әлеміне тереңірек бойлап, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлеп, қастерлейтін мұрасы екеніне куә болды.
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем...

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.