Мен мамандықты қалай таңдаймын

Автор: admin от 23-02-2024, 23:29, посмотрело: 19

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 10 "А” сынып оқушылардың және сынып жетекшісі Сырымбетова Шынардың ұйымдастыруымен "Мен мамандықты қалай таңдаймын” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілетін арттыру.
" Ең қызықты мамандықтар” туралы бейнеролик көрсетілді. Сол бейнероликке байланысты бірнеше сұрақтар қойылып әңгіме жүргізілді. Болашақта Қазақстан нарығы мен болашақ дамуына, қажетті сұранысқа ие 10 мамандық түрлері, өмірде мамандық таңдаудағы факторлар туралы да әңгіме өрбіді.
"Психометрия” психолгиялық ахуал аясында
оқушылар өздеріне қай мамандық ұнайтыны, не үшін ұнайтыны жайлы айтты.
Мотивация ретінде Маржан Арапбаеваның " Тек алға” әні қойылып сергіту сәті жүргізілді. Сонымен қатар ұстаздар өздерінің мамандығын қалай, не үшін таңдағаны туралы айтып ой пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің соңында директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Н. Джексенбаеваға сөз берілді.
Мен мамандықты қалай таңдаймын
Мен мамандықты қалай таңдаймын
Мен мамандықты қалай таңдаймын

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.