Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Еліміздің тірегі - Ұландар

Автор: admin от 4-05-2023, 23:48, посмотрело: 91

0
Мектебімізде 2023 жылдың 4 мамыр күні «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Еліміздің тірегі - Ұландар» атты Республикалық Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау өткізілді. Қабылдаудағы мақсатымыз оқушылардың патриоттық сезімін оятып, еліне адал қызмет ететін, елінің қорғаны болатын ұрпақ тәрбиелеу. Іс – шараға мектебіміздің ұстаздары қатысып, қабылданған оқушыларымызға төс белгілерін тағып, жылы лебізін білдірді. Оқушыларымыздың болашақта өз елінің нағыз патриоты болатындығына сенімдерін білдірді.
Еліміздің тірегі - Ұландар
Еліміздің тірегі - Ұландар
Еліміздің тірегі - Ұландар
Еліміздің тірегі - Ұландар
Еліміздің тірегі - Ұландар

Категория: Мектеп

 

Алтын ұя - мектебімнің

Автор: admin от 3-05-2023, 22:29, посмотрело: 66

0
Ассалаумағалейкум оқырман қауым. Бүгін "Алтын ұя - мектебімнің" жартылыстану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "Дара жол" жобасы аясындағы кездесу кешінің қонағы болып қайттым. Бұл кештің басты қонағы, өзінің дара жолын салып кеткен, ардақты ұстаз - Манасбаева Зинаш. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті. География пәнінен сабақ берген ұстазымызбен жүздесіп, бала кездегі естеліктерімізді еске түсірдік. Бізге білім нәрін сусындатып, өнегелі тәрбие берген Мұқағали Мақатаев атындағы тірек мектебінің ұстаздарына мың да бір алғыс!!!
Алтын ұя - мектебімнің
Алтын ұя - мектебімнің
Алтын ұя - мектебімнің

Категория: Мектеп

 

Ас мәзірі 02-05.05.2023

Автор: admin от 3-05-2023, 22:23, посмотрело: 51

0
Ас мәзірі 02-05.05.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Бірлігіміз жарасқан

Автор: admin от 28-04-2023, 22:27, посмотрело: 82

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2023 жылдың 28 сәуірінде, 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бірлігіміз жарасқан" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Іс-шара 6 - сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өтті. Мектебіміздің 6-сынып оқушылары әр ұлттың мәдениеті мен өнерлерін көрсетті. Іс-шараны "Ақкөгершін" әнімен ашты. Қазақ, өзбек, ұйғыр, орыс, испан, үнді халықтарының ұлттық билерін билеп, әндерін айтты. Іс-шара өте жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың дайындықтары жоғары дәрежеде болды. Іс-шара мектебіміздің директоры Алтынкүл Мадиомарқызының құттықтау сөзміен аяқталды.
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан

Категория: Мектеп

 

«Әпке» драмасы

Автор: admin от 26-04-2023, 22:26, посмотрело: 106

0
2023жылдың сәуір айының 25 күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына 8 «в» сынып оқушыларының дайындаған жазушының «Әпке» драмасы магниттік шағын орталықты Алға орта мектебінде сахналанып, қойылды.
Мақсаты:-Шығарма мазмұнын игере отырып,туындыда көтерілген әлеуметтік мәселені ұғындыру;
-Драмадағы әр тұлғаның жеке адами көзқарасын туындату арқылы отбасы құндылығын түсінетін ой қалыптастыру;
- «Әпке» драмасының мағынасын түсіну,идеясын ашу, талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу;
- «Әпке» драмасының мейірімділік,төзімділік,сыйластық, адамгершілікке жетелейтін қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіре білу.
Бұл танымдық сағат 8 «в» сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур Бейсенбайқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайдахметова Гүлнар Сүйімбекқызының басшылығымен дайындалды.Оқушылар жазушының өмірінен деректер келтіріп,драма желісінің сюжеті бойынша отбасы құндылығына,мейірімділікке,төзімділікке төзе білген,бауырлары үшін өз өмірін тәрк еткен Қамажайдың бейнесін Өмірзақ Балжан сомдаса,ғашық болған Қабеннің бейнесін Опабек Нұрдәулет,бауыры Тимурдың ролін Мұсақұл Азамат нақышына келтіріп орындап,көрермендер жүрегінен орын алды. Көрермен ретінде Ә.Молдағұлова орта мектебінің,Ш.Мұртаза орта мектебінің,Алға орта мектебінің,Жайсан орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері келіп тамашалады.Олар да өз ойларын ортаға салып,қойылған кері байланыс сұрақтарына жауап беріп,оқушыларға болашақта жоғары деңгейде көрінулеріне тілектерін білдірді.Қонақ ретінде шақырылған Смағұлова Шамшат тәтей,мектеп директоры Е.Примбердиев алғысын білдірді.

«Әпке» драмасы
«Әпке» драмасы

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 24-28.04.2023

Автор: admin от 24-04-2023, 22:31, посмотрело: 44

0
ас мәзірі 24-28.04.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Өмір жолын шерте білген-Сайын!

Автор: admin от 23-04-2023, 22:33, посмотрело: 87

0
Мұқағали Мақатаев атындағы (РО) тірек орта мектебінде 2023 жылдың 21 сәуірінде көктемгі сессия барысында мектебіміздің 8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен танымдық сағат "Өмір жолын шерте білген-Сайын!" тақырыбында Сайын Мұратбекұлының повесіне қойылым қойылды. Мақсаты: Оқушыларды С.Мұратбекұлының "Жусан иісі" шығармашылығындағы Аян бейнесін ашу арқылы ауылдың ауыр тұрмыс жағдайы туралы мол мағлұмат беру, оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, қайсарлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Танымдық сағат барысында оқушылар 1941-1945 жылдардағы қазақ халқының тартқан ауыр зардабын, бала-шаға мен қарттарымыздың жетімдіктің, жоқшылықтың ауыртпалығын қалай көтергенін тағдыр тәлкегіне түскен Аян мен өзге кейіпкерлер арқылы көрсете білді.
Танымдық сағатқа мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Алимова, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова, директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Мырзаханова, пән мұғалімдері, 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Танымдық сағат соңында мұғалімдер мен ұстаздар оқушыларға өз алғыстарын айтты.

Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 17-21.04.2023

Автор: admin от 17-04-2023, 22:30, посмотрело: 52

0
ас мәзірі 17-21.04.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау

Автор: admin от 13-04-2023, 22:38, посмотрело: 80

0
Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек (РО) орта мектебінде ҚММ- де Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналдық бөлімшесінің полиция лейтенанты Н.А.Кыздарбеков мектеп оқушыларымен «Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау», «Интернет алаяқ», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру», «Жол қауыпсыздігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау
Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау
Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау
Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау
Бөтен біреудың мүлкісін ұрлау

Категория: Мектеп

 

Ғарышқа түрен салған қыран қазақ

Автор: admin от 13-04-2023, 22:36, посмотрело: 86

0
12 сәуір ғарышкерлер күніне орай мектебімізде «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ!» атты тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiмдерін кеңейту.Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу. Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.

Ғарышқа түрен салған қыран қазақ
Ғарышқа түрен салған қыран қазақ
Ғарышқа түрен салған қыран қазақ
Ғарышқа түрен салған қыран қазақ
Ғарышқа түрен салған қыран қазақ

Категория: Мектеп