Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бақытты балалық шақ

Автор: admin от 3-06-2024, 23:20, посмотрело: 83

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 2024 жылдың 1 маусым балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ" атты іс-шара өткізілді. Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз..#Балажан#
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ

Категория: Мектеп

 

Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Автор: admin от 1-06-2024, 23:35, посмотрело: 62

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 7 сынып оқушысы Такабаева Саида 2024 жылдың мамыр айының 28-29 күндері халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға саяхаттап келді. Барлық өңірден өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары мен түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада өмір сүруі, білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Кездесу әрі қарай ашық диалог форматында жалғасты. Онда балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты. «Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» тақырыбындағы іс-шараға бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кездесу соңында барлық балаға сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көшбасшылықты дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, балалар өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұған қоса балалар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралады.
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Категория: Мектеп

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Автор: admin от 1-06-2024, 23:24, посмотрело: 187

0
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕ
Құрметті ата-аналар мен білім алушылардың назарына!
Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі барлығымыз үшін маңызды. Осы ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға қауіпсіздік шараларының бірнеше ережесін ұсынады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Жаз мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
Балаларыңыздың су жағасына ата-анасыз баруына,шомылуларына қатаң түрде шектеу қойыңыздар! Өмірлеріне өте қауіпті екендігін ұмытпаңыздар.
Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
Балаларға су айдынында, өзен,көлдер мен каналда шомылудың ережесі, қауіптілігі жөнінде жиі айту керек.
Есіңізге сақтаңыз! Балаңыз сізден үлгі алады! Сол үшін әрбір іс-әрекетіңізге мұқият болғаныңыз абзал! Жазғы демалыста балаларыңызбен бірге уақыттарыңызды қызықты өткізуге тілектеспіз!
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің әкімшілігі.
ЖЕЛЕРІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 
 

Категория: Мектеп

 

Туған жердің әр тасы қымбат маған...

Автор: admin от 31-05-2024, 23:37, посмотрело: 89

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта(РО)мектебінде
8-9сынып оқушыларының қатысуымен сессия барысында үйірме жетекшісі Ф.АБдукаимова «Туған жердің әр тасы қымбат маған...» атты сайыс өткізді.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын
үлгі ете отырып, оқушыларды туған жерін сүюге,туған елін,оның ұлтжанды азаматтарын біліп,қастерлеуге үйрету.
Оқушылары 2-топқа бөлінді
«Тянь-Шань» және « Бұлақ» тобы болып қатысты.
Сабақ барысында оқушылар өз білімдерін тапқырлықтарын көрсете білді.Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Бұлақ» тобы 1-орын иеленіп, дипломдармен
марапатталды,
сыйлықтар таратылды.
Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н Джексенбаева
оқушыларға тәлімі мол тәрбиелі азамат (ша)болып өсулеріне сенім білдіріп, оқушыларға жылы лебіздерін айтты.
Туған жердің әр тасы қымбат маған...
Туған жердің әр тасы қымбат маған...
Туған жердің әр тасы қымбат маған...

Категория: Мектеп

 

Бракераж

Автор: admin от 17-05-2024, 01:40, посмотрело: 64

0
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж

Категория: Мектеп

 

Тасқа салған таңбалар

Автор: admin от 3-05-2024, 00:38, посмотрело: 55

0 2024 жылдың 10 сәуір күніМ.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «» атты танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараға 5 мектептен 5команда қатысты. Жарыс 5 кезеңнен тұрды:
1-кезең: Бейнелеу-қол өнерінің пайда болу тарихына шолу
2-кезең: Кәзіргі сол салаға шолу
3-кезең: Бейнелеу,қол өнерінің негізгі заңдылықтарын еске салу
4-кезең:Қол өнер,бейнелеу негізінде ойын-жұмыс жасау
5-кезең:Қорытынды
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын тудырып,ілгерірек алған білім-мәліметтерін жандандырып,қосымша мәліметте алып,іс-шараға белсене қатысты.Оқушылардың бейнелеу-қол өнері,сәулет,дизайн салаларындағы білімдері артып,сол салаға деген қызығушылықтары артып,сол сала мамандықтарына да қызығушылықтарының өсуіне себеп болды деп ойлаймыз.Осы іс-шара жоғарыда аталған саланың күні бүгін қандай маңызды екенін айқындауға себеп болды деген үміт бар.Іс-шара оқушылардың өнерге-әсемдікке,жасампаздыққа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін өсірді деген үмітпен, бір-бірімен сыйлы,жақсы қарым қатынас құра білу,бірін-бірі ести-қолдай білу,топпен жұмыс жасау дағдыларының жандануына себеп болды деп үміттенеміз.
Акт зал өз дәрежесінде безендіріліп, жарыс кезеңдеріне арналған қауіпсіздік ережелері қадағаланып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп оқушылардың қызығушылығын туғызып, көрермен қауымын баурап алғандай.
Іс-шара жалпы- саяхат,жартылай лекция,жартылай практикалық жұмыс ретінде ,жарыс элементтерімен өткізілгенімен,оқушылардың арасында бір-біріне,жүргізушіге деген бұрыс ой,реніш туындамасын деген мақсатпен жүлдегер,озат топ-мүше жарияланған жоқ.Барлық қатысушылар белсене қатысып,білімі мен дағды-тәсілдерін көрсете білді.Яғни іс-шара қойған мақсатына жете білді деген ойдамыз.
Жарыс соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы сөз алып, жарысқа қатысқан оқушыларға өз тілегін білдіріп, қорытындылады,жалпы ұстаздар мен оқушыларда өз ой-тілектерін де білдірді.
Тасқа салған таңбалар
Тасқа салған таңбалар
Тасқа салған таңбалар

Категория: Мектеп

 

Бракераж

Автор: admin от 29-04-2024, 05:17, посмотрело: 101

0
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Озық тәжірибе мектебін құру

Автор: admin от 29-03-2024, 00:35, посмотрело: 86

0 28.03.2024 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Озық тәжірибе мектебін құру» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында теориялық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты шығармашылық жұмыс нәтижесінің тиімді жолдарын жүйелеу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, озық тәжирібе мектебін құру.
Міндеті:
- оқушылырдың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастыру;
- шығармашылық есеп жасаудың тиімділігін арттыру;
- электронды портфолио жинау тәртібін дұрыс жолға қою;
- сынып жетекшілерінің сыныптық талдау жасау жұмысының нәтижесін, сапасын арттырудың жолын ұсыну.
Мектебімізде шығармашылықпен айналысатын озат тәжірибелі мұғалімдер: география пәнінің мұғалімі Баетова А.Е. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шайдахметова Г.С. Шаңырақбаева Ж.С. Абитаева Ж.Н. шығармашылық жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың ролі» тақырыбында баяндама оқылып, «Шығармашылық есеп жасаудың тиімділігі» тақырыбында көрме, «Шебер сынып - мұғалім жұмысының нәтижесі» тақырыбы аясында презентация қорғалды. Қазіргі заман талабыена сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа көзқарастарын дамытуға, жас мамандарға жұмыс нәтижесінің бағытын көрсету. Жетістікке жетудің нәтижесі адам бойындағы қабілеттерді дамытып, рухани күшін нығайту.
Озық тәжірибе мектебін құру
Озық тәжірибе мектебін құру
Озық тәжірибе мектебін құру

Категория: Мектеп

 

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

Автор: admin от 29-03-2024, 00:33, посмотрело: 91

0 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні.
Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді).
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бала үшін маңызды сәтте қолдау жасап, ата-ана мен ұстаздар қауымын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмасын, олардың конституциялық құқығы қорғалсын. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі» көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады.
Мектептің мекен жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты.
тел: 3-12-58
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

Категория: Мектеп

 

Күй күмбірі

Автор: admin от 20-03-2024, 00:31, посмотрело: 110

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) Наурыз мейрамы қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж басталды.Ұлттық аспапты насихаттауға арналған шара оқу-ағарту министрлігінің бастамасы. Бір уақытта 100-ге жуық оқушы Құрманғазының бірнеше күйлерін тартты. Ансамбль құрамында 1-сынып пен 11-сыныпта оқитын домбырашылар да бар. Іс-шара білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Домбыра арқылы қазақ халқының болмысын дәріптеу және мәдени мұрасын сақтауды насихаттау. #Күй күмбірі#
Күй күмбірі
Күй күмбірі
Күй күмбірі

Категория: Мектеп