Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы

Автор: admin от 2-02-2024, 21:04, посмотрело: 8

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) )«ДосболLIKE достық қолын ұсын» акциясы бойынша «Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы» атты трениг өткізілді.
Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын ақтарамыз.Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасыДаму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді.
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы
Бала мен қарым-қатынас құру құпиясы

Категория: Мектеп

 

ДосболLIKE достық қолын ұсын

Автор: admin от 2-02-2024, 21:02, посмотрело: 9

0 Мұқағали атындағы тірек орта мектебі (РО) Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)«ДосболLIKE достық қолын ұсын» атты Волейболдан акция өткізілді. Волейбол ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып оқушылар өздерінің бақтарын сынады.Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу, татулық ұғымын қалыптастыру. Достық туралы түсініктерін кеңейту, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу. Оқушылар белсене қатысты.
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын

Категория: Мектеп

 

Меню

Автор: admin от 1-02-2024, 20:34, посмотрело: 9

0
Меню

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Қазақ есебі

Автор: admin от 1-02-2024, 20:32, посмотрело: 9

0 "9 айға - 9 іс шара" жобасы аясында қаңтар айында Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.
Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету
Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.
Математикалық есептерді шешу білім алушыларды ойлануға, модельдеуге, болжауға және нақты мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауына әсер етеді.

Категория: Мектеп

 

Creative minds. Hand- imal Art

Автор: admin от 1-02-2024, 20:29, посмотрело: 9

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО)қаңтар айының 31 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Сырымбетова Шынар Манатбековна 10 "А”сынып оқушыларымен "Creative minds. Hand- imal Art” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: to talk about creative minds and art; to understand specific information and detail in extended text.Сабақтың мақсаты: “Өнер және мәдениет” тақырыптары бойынша сөздік қорын белсендіру; мәтін туралы жалпы түсінік беру мақсатында қажетті ақпаратты алу мақсатында оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;сөйлеу дағдыларын қалыптастыру (диалог) . Сабақтың құрылымы жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған.Мұғалім сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында видеоролик көрсетті,"Brain Storm" әдісі бойынша миға шабуыл жасалды.Сонымен қатар оқушылар өнер және өнердің түрлері туралы сұрақтарға жауап берді.Сабақта топтық жұмыс, жеке , жұптық жұмыс жасалды.Сабақ ортасында wordwall платформасы арқылы оқушылар сұрақтарға жауап беріп тапсырма орындады. Жұптық жұмыс барысында оқушылар диалог құрды, сабақ қорытындыланды.Сабақ соңында кері байланыс алынды.
Creative minds. Hand- imal Art
Creative minds. Hand- imal Art
Creative minds. Hand- imal Art

Категория: Мектеп

 

Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!

Автор: admin от 1-02-2024, 20:28, посмотрело: 10

0 Бүгінде өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Ел болашағы жастарымыз жан-жақты жағдай жасалған білім ордасынан білім алуы тиіс. Соның бір дәлелі, Төлеби ауылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) магниттік мектептермен шығармашылық жұмыс үлкен жолға қойылған. Баланың тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау мақсатында, 31 қаңтар күні, магниттік мектеп оқушылары аясында М.Мақатаев мектебінде "Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!» атты тақырыпта үйірме жетекшісі Асенова Қазынаның ұйымдастыруымен кішігірім ғылыми-шығармашылық жобасы өткізілді. Бұл жобаға магниттік мектеп оқушылары да қатысып, өз ауылдарының өткен және бүгінгі тарихымен, ауылдарының ұлы тұлғаларымен мақтанып,ауылдарының көремет көрнекі жерлерін слайдпен көрсетіп, таныстырып, оқушылардың білім қоржынын толықтырды. Нәтижесінде жоба өз мақсатына жетті. Келген қонақтар да оқушылардың еңбегін жақсы деп бағалап, қошеметтеп, жақсы тілектерін білдірді. Сөз соңында мектебіміздің директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева "Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы алау, оны жаға білу керек" деп, оқушылардың жетістігін жақсы бағалап, жақсы тілегімен аяқтады.
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!

Категория: Мектеп

 

Ертегі әлеміне

Автор: admin от 1-02-2024, 19:57, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «Ертегі әлеміне» саяхат атты қойылым өткізілді. Халық ертегілеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу-мектеп жасына дейінгі маңызды міндеттердің бірі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан болып келетін саланың бірі – ертегілер. Ол ата-бабаларымыздың ұзақ жылдар бойы жинаған асыл қазыналарының ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанрлардың бірі. Ерте жастан бастап халық ертегілерін оқу баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады және дамытады.
Мақсаты:
оқушыларға ертегіні суреттеп ,сахналап қою, мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп,өз көз - қарастарын білдіруге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу.көз қарастарын білдіруге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Оқушылар белсене ат салысты.
Ертегі әлеміне
Ертегі әлеміне
Ертегі әлеміне
Ертегі әлеміне

Категория: Мектеп

 

Remembrance Day in Australia

Автор: admin от 1-02-2024, 19:56, посмотрело: 9

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 31 күні ағылшын тілі мұғалімі Кыздарбекова Ляззат Боранбаевна 9"Г" сынып оқушылармен "Remembrance Day in Australia" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты to talk about Remembrance Day in Australia, identify specific information in the text. Сабақтың құрылымы жүйелі. Мұғалім Wordwall, Menti.com технологияларды, техникалық құралдарды сабақта тиімді қолдана алды. Сыныптағы барлық оқушылар сабаққа қатысып, бағаланып отырды. Оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын дамытуда ауызша, жазбаша тапсырмалар орындалды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Remembrance Day in Australia
Remembrance Day in Australia
Remembrance Day in Australia
Remembrance Day in Australia

Категория: Мектеп

 

Шәкәрім ақын шалқарынан

Автор: admin от 1-02-2024, 19:55, посмотрело: 15

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 31- ші қаңтар күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен және ашылған сыныптармен бірге 8 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.С.Махатованың ұйымдастырумен «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Пазылбекова және мектеп мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат 8 -сынып қыздарының орындауында нәзіктіктен өрілген «Шашу » биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын
екендігін және 912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке-жеке жинақ ретінде басылған поэмадан сахналық қойылым көрсетіп, шара барысында ғұлама ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындалды. Танымдық сағаттың соңында мектеп мұғалімдермен оқушыларынан кері байланыс алынды. Танымдық сағат өте жоғары деңгейді өтті.
Шәкәрім ақын шалқарынан
Шәкәрім ақын шалқарынан
Шәкәрім ақын шалқарынан

Категория: Мектеп

 

ДосболLIKE достық қолын ұсын

Автор: admin от 1-02-2024, 19:53, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) )«ДосболLIKE достық қолын ұсын» акциясы аясында «Күлше қыз ертегісі» атты қойылым өткізілді.Қойылымға оқушылар белсене қатысты.
Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің кеңуіне ықпал ету, қиялдау мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық - даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдыру, балаларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Ертегінің қалыптасу тарихы, оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар.Халықтық ертегілер өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қияметі айтылады. Халық ертегілерінің негізі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты баяндайды.
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын

Категория: Мектеп