Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы білімдегі олқылықтарды жою

Автор: admin от 24-01-2024, 04:43, посмотрело: 13

0 Мақала
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады»
А.Байтұрсынов
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 19 жұлдызында «Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы білімдегі олқылықтарды жою» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты:Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы, білімдегі олқылықтарды жоюдың жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
Жаратылыстану пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды анықтау;
Өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру жұмыстарын жандандыр;
Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, олқылықтарды жоюды қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларға ақпаратты визуалды түрде беру арқылы есте сақтау қабілеттері артады;
Білімдегі олқылықтарды анықтау барысында оқушының білім деңгейі артады;
Өткен тақырыптарды қайталау арқылы білімдері толығады;
Жаратылыстану пәндерінен әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануда оқушының қызығушылығы артады;
Семинарды мектеп директоры Алтынкүл Мәдиомарқызы құттықтау сөзімен ашты. Жаратылыстану пәндерінің аудандық білім бөлімінің әдіскері Сержанкүл Әметқызы салтанатты түрде әріптес ұстаздарға сәттілік тіледі. Мектебіміздің психологы Тулеулиева Куралай «Тамаша көңіл күй» атты тренинг өтізіп ұстаздарға тамаша көңіл күй сыйлады.Келесі кезекте бағдарламаның жоспарына сай физика пәнінің мұғалімі жас маман Сайлаубаев Бекнар Әділетұлы «Қалыптастырушы тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы коучинде, семинарға қатысушы ұстаздарға біраз сауалдар қоя отырып, ой толғаныс,сауалдарға жауап алып әріптестерінің ойын ұсынысын қорытып рефлексия беріп,кері байланыс жүргізді. Физика пәнінің мұғалімі Акипов Исабали Уматович «Сборка электрической цели и измерение силы тока и наприжения» тақырыбында зертханалық жұмыс, биология пәнінің мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының «Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі», химия пәнінің мұғалімі Кашаганова Риза Маратбекқызының «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері», физика пәнінің мұғалімі Окаева Қарлығаш Қуанышбекқызының «Қатты денелердегі қысым»,биология пәнінің мұғалімі Берзимбетова Рахат Мактабековнаның «Митоз и его фазы», информатика пәнінің мұғалімі Айтбаев Жандос Сатыбалдыұлының «Мобильді қосымша жасау» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғарғы деңгейде өтті. Семинар қорытындысында кері байланыс жүргізіліп, сабақ көрсетіп іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Әметқызы сертификаттар тапсырып, ұйымдастырушы директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова мен психолог Қ.Тилеулиева алғыс хат табыс етті. Семинар соңында концерттік бағдарлама көрсетілді.

Категория: Мектеп

 

Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау

Автор: admin от 23-01-2024, 03:18, посмотрело: 111

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО), азаматтық қорғаныс штаб бөлімінің ұйымдастыруымен, 2024 жылдың 23 қаңтар күні «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау» тақырыбында жаттығу өткізілді. Жаттығуға барлығы 445 адам жұмылдырылды.
Негізгі жүргізілген іс- шаралар:
- дабыл берілген уақыттан кейінгі оқушылардың қауіпсіз аймаққа уақытында шығарылуын штаб құрамы бақылап, сапқа тұрғызды;
- сыныптар толық сапқа тұрғызылып, азаматтық штаб мүшелерінің бақылау нәтижесі негізінде, жер сілкінісі кезіндегі оқушылар мен мұғалімдердің іс-әректінің қорытындысы баяндалды.
- сапта «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың, мұғалімдердің қорғану іс- әрекеті» тақырыбында көрнекі түрде жаттығу көрсетілді.
Сейсможаттығуға дейін:
- Байланыс және хабардар ету жүйесінің дайындығы тексерілді;
- Оқушылар арасында оқу-жаттығу өткізілетіні туралы және оны өткізу барысында қандай іс-әрекеттер жасайтыны жөнінде толық көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Әр сыныпта алдын ала «Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында сынып сабақтар өткізілді.
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау

Категория: Мектеп

 

Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды

Автор: admin от 19-01-2024, 03:17, посмотрело: 17

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың қаңтар айының 18і күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, әлеуметтік педагог Г.Кишкашева жәнеде үйірме жетекшілерімен магниттік мектептерге: Еңбекші орта мектебі, Жайсан орта мектебі, Алға орта мектебіне сессияалды даярлық жұмыстары, оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қаңтар айының 29ы күні мен ақпан айының 9ы күндері аралығында 8-9сыныптарға, ақпан айының 12-23 күндері аралығында 10-11сыныптарға қысқы сессия дәстүрлі түрде өтеді.
Алға орта мектебі, Жайсан орта мектебі, Еңбекші орта мектебі, Ш.Мұртаза атындағы мектептерден 8-11 сыныптар бойынша барлығы –170 оқушы қамтылады.
Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды.
Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды
Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды
Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды
Сессия жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлар жасалынды

Категория: Мектеп

 

Комплекс сандарға амалдар қолдану

Автор: admin от 19-01-2024, 03:13, посмотрело: 21

0 16.01.2024 ж. М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің математика пән мұғалімі Кыздарбекова С.М. 11 "В” сыныбымен "Комплекс сандарға амалдар қолдану” тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты:алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Оқушылар сабақ барысында Learning apps, Kahoot платформалары арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізе отырып, Padlet те кері байланыс берді.Сабақ мақсатына сәйкес ұтымды әдіс-тәсілдер пайдалана білді.Сабақ өз мақсатына жетті.
Комплекс сандарға амалдар қолдану
Комплекс сандарға амалдар қолдану
Комплекс сандарға амалдар қолдану
Комплекс сандарға амалдар қолдану

Категория: Мектеп

 

Music

Автор: admin от 19-01-2024, 03:12, посмотрело: 17

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 18 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Уразова Жансая Бақтыгерейқызы 5"Б" сынып оқушыларымен "Music" тақырыбында ашық сабақ өткізді Сабақтың мақсаты: learn about types of music and musical instruments; practice listening skills; read the text about kazakh traditional instrument; practice Present Continuous in affermative, negative and question sentences. Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жетілдіру; сөздік қорын молайту; ағылшын тілін меңгерту; ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру; музыкалық аспаптар туралы сыни тұрғыдан ойлана алуды және өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың құрылымы жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған. Мұғалім оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгере алатын тапсырмаларды дайындады.
Мұғалім сабақтың барысында тақырыпты ашу үшін видеоролик көрсетті, жаңа сөздерді таныстырды және тыңдалым арқылы музыка түрлері мен аспаптарды сәйкестендіруді ұсынды. Оқушыларға Present Continuous (нақ осы шақ) грамматикасын түсіндірді. Оқушылар "Нақ осы шағына" байланысты болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдер құрастырды. Қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" мәтінін оқып, мәтінге байланысты топтық тапсырма орындады. Оқу барысында тыңдалым, жазылым, оқылым және сөйлеу дағдыларының барлығы қамтылды. Сабақ жоспарға сай, жоғары деңгейде өтті.
Music
Music
Music
Music

Категория: Мектеп

 

Countable and uncountable nouns

Автор: admin от 18-01-2024, 03:10, посмотрело: 17

0 18 қаңтар күні2024жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі Оңласын Динара Ырымқызы 6 «А» сынып оқушыларымен «Countable and uncountable nouns»тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты; оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын дамыту; Many, much, a lot of\lots of, afew, a little есімдіктерін қолдану; тақырып бойынша ақпарат алу мақсатында қарапайым сұрақтар қою және жауап беру. Сабақ жаңартылған бағдарлама негізінде құрастырылған.Сабақтың құрылымы жүйелі. Мұғалім жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта тиімді қолдана білді. Оқушылар бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды. Сыныптағы барлық оқушылар сабаққа қатысып, бағаланып отырды. Оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын дамытуда ауызша, жазбаша тапсырмалар орындалды. Топтық, жұптық жән жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Countable and uncountable nouns
Countable and uncountable nouns
Countable and uncountable nouns
Countable and uncountable nouns

Категория: Мектеп

 

Professions

Автор: admin от 18-01-2024, 03:09, посмотрело: 15

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 17 жұлдызы 5"Д" сыныбында "Professions" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Өткізген мұғалім Казимова Лейла Маликовна. Сабақтың оқу мақсаты: learn about types of jobs and professions; work in group and individually. Ашық сабақ өтудегі мақсат: оқушылардың білімдерін кеңейту, ағылшын тілін меңгерту, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысында тақырыпты ашу үшін видеоролик көрсетілді, жаңа сөздермен танысты, жаңа сөздерді есте сақтау үшін әр түрлі тапсырмалар жасатылды. Бірінші тапсырма карточка арқылы to be етістігін қайталау, екінші және үшінші тапсырмалар топпен жұмыс True or False, unscramble words. Оқушылар "Professions" тақырыбын меңгеріп, ағылшын тілінде сөйледі. Сабақ барысында кері байланыс болып, рефлексия жүргізілді. Дискрипторға сай оқушылар жұмысы бағаланды. Сабақтың соңында бағалау болып, сыныптың білім сапасы 80℅ көрсетті.
Professions
Professions
Professions
Professions

Категория: Мектеп

 

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Автор: admin от 17-01-2024, 22:59, посмотрело: 15

0 17.01.2024ж. күні математика пәнінің мұғалімі Дауренбекова С.А. 6 «Ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтып, «Білім, Талант, Дарын» атауларымен үш топқа бөлді. Содан соң сыныпты түгендеп, үй тапсырмасының жауабын интерактивті тақтада шығарып, оқушыларға өз жұмыстарымен салыстырып тексеруін ұсынып өзі де қарап, дұрыс жауаптарға «асық» тарату арқылы бағалады. Сонымен қатар «Домбыра» әдісімен он балдық бағалауды оқушыларға түсіндіріп, бағалауға арналған «домбыраларды» таратты. Жаңа сабақпен, оқу мақсаттарымен таныстырып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын бірге анықтады. Сабақ мақсаты: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу және өмірде қолдану болды. Мақсат айқындалған соң оқушылардың зейінін сабаққа аудару және тақырыпты қайталау мақсатында «Ой қозғау» әдісімен оқушыларға сұрақтар қойылып, ережелер сұралды. Тақырыпты аша түсу мақсатында топтық жұмысқа постер қорғау берілді. Постерде оқушылар теңдеулерді шешу арқылы жауаптарын сәйкестендіріп жасырылған суретті құрап шығу берілді. Оқушылар белсенділікпен теңдеулерді қызыға шешіп, суретті дұрыс құрап тапты. Жасырылған суреттер Әл-Хорезми, О.Жәутіков, А.Жұмаділдаевтың суреттері қысқаша мәліметімен болды. Оқушылар сол мәліметті дауыстап оқып, қажетті ақпараттарды алды. Келесіде «Кім жылдам» әдісімен жеке жұмыс оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс арқылы жүзеге асты. Мәтін есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығару топтық жұмыста орындалды. Рефлексия «Білім қоржыны» әдісімен, ал кері байланыс «Білім банкингі» әдісімен алынды. Жалпы ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Әр түрлі әдістер, функционалды сауаттылықты арттыруға ббағытталған тапсырмалар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрнекіліктер: сандық, асық, домбыра барлығы орнымен қолданылып, түсіндіріліп, қызықты өтті. Оқушылар да белсенді қатысып, өздеріне тиісті бағаларын алды. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігінен, басқа пән мұғалімдерінен де қатысып, өз ойлары мен тілектерін айтып бағасын берді.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Категория: Мектеп

 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларга психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету

Автор: admin от 17-01-2024, 21:00, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
Тақырыбы: "Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларга психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету.
Мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру.
Семинарға мектеп психологтары, логопед, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Баян Ниятуллаевна инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру барысында :пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтердің кандай қызмет көрсету керектігін егжей тегжейлі түсіндірді және түрлі формаларды қалай толтыру керектігі талқыланды.
Бұл семинар әдістемелік жағынан өте пайдалы болды деп бағаланды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушыларга психологиялық - педагогикалық  қолдау көрсету

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС

Автор: admin от 17-01-2024, 05:07, посмотрело: 25

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 16.01.2024-.24.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 30.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп