Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

КОНКУРС

Автор: admin от 17-01-2024, 05:07, посмотрело: 27

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 16.01.2024-.24.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 30.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: admin от 16-01-2024, 22:59, посмотрело: 21

0 15.01.2024ж. күні «Математика және информатика» кафедрасы айлығының жоспары бойынша математика пәні мұғалімі «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Тақырыптың көкейкестілігі: Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Коучингтің мақсаты: Функционалдық сауаттылық туралы теориялық түсінік беру, есеп шығару, тәжірибе алмасу болды. Сыныпта шаттық шеңбері арқылы мұғалімдер бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында берілген «Пазл» әдісімен киіз үй, сандық, ұлттық әшекей бұйымдарының суреттерін құрау арқылы «PISA», «PIRLS», «TIMSS» атауларымен үш топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң әр топқа мыжылған қағаз кесегі беріліп, сол қағаздан бір зат жасап шығару ұсынылды. Әр топтан ұшақ, кеме, қалбыр жасалынды, бірақ ойдағыдай емес. «Әрине, мақсатсыз жасалған заттан мінсіз зат шықпайды» деп коучингтің мақсаты ашылды. Мақсаты айқын болған соң тәжірибе алмасу үшін «Математикалық сауаттылық», «Функционалдық сауаттылық», «Функционалдық сауаттылықты дамыту» деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? деген сұрақ төңірегінде постер жасап әр топ қорғап шықты. Постер арқылы тақырып та ашылып, ары қарай осы тақырыптар бойынша функционалдық сауаттылық тарихы мен маңыздылығы презентацияда көрсетіліп айтылды. Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған PISA, PIRLS, TIMSS зерттеулеріне де тоқталдық. Келесіде әр топ берілген «QR-код» арқылы есептерді ашып орындап, түсіндірді. Пікірталас жүрді.
Сергіту сәтінде әр мұғалімге алдыларында тұрған таза А4 қағазынан қайшы қолданбай адам бейнесін қиып шығу тапсырылды. Бұл әдіс арқылы әр адам жеке тұлға, ал рухани тұрғысынан дамыған, шешім қабылдай алатын, шығармашыл тұлға шығару мұғалімдердің міндеті екені айтылды. Коучинг соңында «пазл» әдісімен топқа бөліну үшін құраған киіз үй, сандық, ұлттық әшекейлер бойынша функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырма құрастыру ұсынылды. Мұғалімдер әр топта бірлесіп жұмыс жасап, нәтижесінде оқушыларға арналған керемет есептер құрастырып, сол бойынша түсініктеме жүргізіп қорғады. Нәтижесінде мұғалімдер өздері де жақсы есептерді құрастыра алатындарына таңдану мен сенімділік те пайда болды. Қорытындылай келе оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін мұғалім креативті, жан-жақты, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алатын болуы керек. Сонымен қатар әр сабақта функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды беріп отыруы керек. Мұғалімдер белсене қатысты. Кері байланыс QR-код арқылы берілді. Коучинг өз дәрежесінде жақсы өтті.
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС

Автор: admin от 16-01-2024, 05:22, посмотрело: 20

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 16.01.2024-.24.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 30.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға

Автор: admin от 12-01-2024, 23:03, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессияның жүргізілуіне орай 8 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Таңбалы тарих- Таңдаулы тұлға» атты тарихи әдеби – сазды танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірімен таныстыру,Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу, оқушыларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа отансүйгіштікке баулу. Сұлтан Бейбарыс арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, пән мұғалімдері және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағаттың ашылуын Сұлтан Бейбарыстың өмірін, жүріп өткен жолын сахналық қойылыммен бастап, оқушылар Сұлтан Бейбарыс туралы анықтама беріп ән бимен жалғасты. Танымдық сағатқа қатысқан ұстаздар мен оқушылардан кері байланыс алынды. Танымдық сағат соңында ұстаздар және оқушылар ұйымдастырушыларға танымдық сағаттың тағылымы өте жоғары екенін айта отырып осындай іс -шаралардың жиі өтуін қалайтындарын айтып, қорытындыланды.
Осы аталған танымдық сағат магниттік Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің ұжымы және білім алушылары жылы шыраймен қарсы алып,осындай бірлескен жұмыстан қанаттанатындарын білідіріп, алғыстарын жаудырды. Магниттік мектеп оқушылары өткізілген іс -шараға белесене қатыса отырып, сессия жұмыстарының дәстүрлі түрде өтуін қалайтындықтарын жеткізді.
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға

Категория: Мектеп

 

М.Дулатов.Оян, қазақ

Автор: admin от 11-01-2024, 03:03, посмотрело: 24

0 30 қараша күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Омбаева Г.Б. 10 «Ә» сынып оқушыларымен «М.Дулатов.Оян, қазақ!» тақырыбында акт залында танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың негізгі мақсаты:ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің отаршылдық саясатының, одан кейінгі кеңестердің солақай саясатының нәтижесінде қазақ халқының бастан өткерген қиындығын көрген және елінің азаттығын аңсаған, елі үшін қасық қаны қалғанша қызмет еткен Міржақып Дулатұлының өмірі жайлы толық мағлұмат беру, ақынның өлеңдері арқылы оқушыларға әсер ету, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту, өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу; Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған слайдтар, суреттер, шарлар.Қабылданған міндеттер:1. Отанды сүюге баулу; 2. Халықтың санасын оятуға арналған жырлары арқылы Міржақып Дулатұлының есімін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу;
«М.Дулатов. Оян, қазақ» атты танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Д.Джексенбаева, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рахматова, пәні мұғалімдері, мектеп мұғалімдері, 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Танымдық сағат 10-сынып қыздарының орындауында нәзіктік пен батырлықтан өрілген «Батырлар биі» биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңін шығарғандығы, осы үшін орыс билеушілерінің қаһарына ұшырағандығы, орыс билеушілерінің «Оян, қазақ» өлеңінің әр сөзінен астар іздеп, тергеу жүргізгендігі, Міржақыптың көрген қудалауы жайлы баяндайтын көріністер көрсетілді. Танымдық сағат барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың өлеңдерін оқыды. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңіне еліктеп, түріктер «Оян, түрік!», жапондар «Оян, жапон!» деген өлеңдерді шығаруы сияқты тың мәліметтер келтірілді. Соңында сахнаға бес арыс жайлы көрініс көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жалынды сөздерімен аяқтап, «Алаш ұраны» әні және «Алаш аманаты» күйі орындалды.
М.Дулатов.Оян, қазақ
М.Дулатов.Оян, қазақ
М.Дулатов.Оян, қазақ

Категория: Мектеп

 

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету

Автор: admin от 10-01-2024, 03:44, посмотрело: 18

0 09.01.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО), Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналдық бөлімшесінің полиция лейтенанты Кыздарбеков Нариман Акбергенович мектептің 8-11 сынып оқушыларымен «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету» жөніндегі 2023-2025 жылдарга арналған кешенді жоспарға сәйкес, құқықтық нормалар мен жалпы адамзаттық құндылықтарының байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру, мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Балаларды зорлық-зомбылықтан  қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету
Балаларды зорлық-зомбылықтан  қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету
Балаларды зорлық-зомбылықтан  қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету
Балаларды зорлық-зомбылықтан  қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету

Категория: Мектеп

 

Олқылықтың орнын толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру

Автор: admin от 8-01-2024, 03:21, посмотрело: 21

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен кезекті семинар өткізілді. Семинарға магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінен келген мұғалімдер,жалпы 80 -нен аса мұғалімдер қатысты. 2023 жылдың 4 қаңтар күні «Олқылықтың орнын толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру» тақырыбында, география пәнінің мұғалімі Гульнур Бейсенбаевна ҰБТ – дегі оқушылардың қатемен жұмыс жасаудағы әдіс тәсілдерімен бөлісті. Барлық сыныптардың оқулықтарын,әр баспаның оқулықтарын салыстыра отырып,атап айтсақ, Атамұра,Баспа,Арман ПВ,Мектеп баспаларының оқулықтарын оқып тапсырмалар орындайтынын баса айтты.Үш жылдық салыстыру мониторинг арқылы салыстырмалы талдау жасаса,биылғы тапсырған тесттің қорытындысын салыстырмалы түрде анализ қорытындысы көрсетілді. Математика пәнінің мұғалімі Орынбаева Айгүл оқушыларға жеке дәптер бастап,оған есептен кеткен қателерді қайта шығарту арқылы тақырыптан кеткен олқылықты жоюға көп септігінтигізетінін практика жүзінде, жасаған жұмыстарын көрсетті. Салыстырмалы мониторинг арқылы ілгерілеу бар екенін баса айтып кетті. Жасаған жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарды қорытындылау кезінде «Желпуіш» әдісі арқылы кері байланыс алынды,қатысқан мұғалімдер өздерінің қоржындарына керекті мәліметтерді алғанын айтып, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Олқылықтың  орнын  толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру
Олқылықтың  орнын  толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру
Олқылықтың  орнын  толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру
Олқылықтың  орнын  толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру
Олқылықтың  орнын  толтырудағы кеткен кемшіліктер бойынша жоспар құру және іске асыру

Категория: Мектеп

 

Конкурс

Автор: admin от 5-01-2024, 04:43, посмотрело: 27

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 05.01.2024-.15.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 16.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Автор: admin от 5-01-2024, 03:46, посмотрело: 21

0 Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 4 қаңтар күні "Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия" тақырыбында Нұрлыбекқызы Мақпал, Балхожаева Айнура инновациялық-әдістемелік кеңес өткізді. Семинарда рефлексия туралы білім толықтырылып, сабақта рефлексияны қолдану жолдары айтылып, топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп, өз білімдерімен бөлісті. Постерлерді "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен топтық бағалау жүргізілді. Жоғарыда аталған мұғалімдер өз сабағында зерттеу барысында қолданған рефлексия әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебі қатысты. Кеңесті қорытындылау кезінде қатысқан мұғалімдер сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Категория: Мектеп

 

Марапаттау

Автор: admin от 4-01-2024, 04:06, посмотрело: 114

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің 2023-2024 оқу жылындағы бірінші жартыжылдықта мектеп мұғалімдері және оқушылары спорттық жарыстардан жоғары деңгейлі жетістіктерге жетіп,жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда Рүстем Айбар Қытай Халық Республикасына барып бокстан l орынды қанжығасына байлап келді.
Тілеухан Бексұлтан Халықаралық деңгейде бокстан жүлделі l орынды ала отырып,қара белдіктің иесі атанды
Сондай-ақ оқушыларымыз күрестен, таэквондо, тоғызқұмалақ, шахмат,волейболдан үлкен жетістіктерге жетіп,аудандық, облыстық, республикалық жүлделерге ие болды.
Марапаттау
Марапаттау
Марапаттау
Марапаттау

Категория: Мектеп