Өлең оқы, ән сал, жаным

Автор: admin от 18-02-2024, 04:19, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің сессия барысында 10-11 сыныптардың бірінші бес күндігіне орай 16 ақпан күні Дауталиева Рабиға Әлімқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған,, Өлең оқы, ән сал, жаным '' деп аталатын әдеби-музыкалық іс-шара өтті.
Мақсаты :ақынның өлеңі мен әндерін кеңінен оқуды, жаттауды насихаттау.
Барысы :
1-4 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жеке-жеке қысқаша айтып өтті.
Бастауыштың ата-аналары өз балаларымен өнер көрсетті.Оқушы және ата-ана бірігіп, ақынның өлеңін жатқа айтып, әндерін орындады.
Кеш жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қатысқан оқушылар мен ата-аналарлың қуанышында шек болмады.
Кеш соңында мектебіміздің эксперимент ісі жөніндегі орынбасарлары Б. Жексенбаева мен А. Пазылбекова сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Ал, қатысушылар да құр алақан қалмады. Оларға әр сыныптың ата-аналары демеушілік танытып, сыйлықтар тарту етті.
Өлең оқы, ән сал, жаным
Өлең оқы, ән сал, жаным

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.