Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Біртұтас тәрбие

Автор: admin от 1-03-2024, 00:10, посмотрело: 11

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 4-5 сынып оқушылары Алғыс айту күнінде жас суретшілерді саф өнерге баулып жүрген Еркебұлан Нұржаудың көрме галереясын тамашалап, саяхаттап қайтты. #Алғысайтукүні
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Біртұтас тәрбие
Біртұтас тәрбие

Категория: Мектеп

 

Өзін-өзі басқару

Автор: admin от 29-02-2024, 23:50, посмотрело: 8

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің директоры мен «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерінің 1-наурыз Алғыс айту күніне орай құттықтаулары
#Өзінөзібасқаруұйымы
#Алғысайтукүні
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Өзін-өзі басқару

Категория: Мектеп

 

Оқуға құштар мектеп

Автор: admin от 29-02-2024, 23:48, посмотрело: 13

0 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі әзірлеген "Тоғыз айға 9 іс-шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Сүйікті кітабым" республикалық челленджін Шу ауданы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінен қабылдап Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің білім алушыларына жолдады. Мектеп кітапханасында "Сүйікті кітабым" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділіктерін арттыру. #Біртұтас_тәрбие
@oqu-agartu_ministrligi
#оқуға_құштар_мектеп
#сүйікті_кітабым_челленджі
Оқуға құштар мектеп

Категория: Мектеп

 

Конкурс

Автор: admin от 29-02-2024, 00:08, посмотрело: 20

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Үйірме жетекшісі» 0,5 бірлік (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 60000-70000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 29.02.2024-11.03.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 15.03.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Кітап-қазына

Автор: admin от 28-02-2024, 23:45, посмотрело: 11

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия уақытында магниттік мектептер: Жайсан, Еңбекші,Шерхан Мұртаза орта мектебінің оқушыларына «Кітап-қазына» тақырыбында танымдық сағат болып өтті.Мақсаты:жас ұрпақты кітап оқуға шақыру.Кітап оқудың пайдасын айта отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.Оқушылар кітап оқу арқылы шығарманы түсініп оқи білді, талдай отырып ортақ бір шешім қабылдады.Аталған іс шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Кітап-қазына
Кітап-қазына

Категория: Мектеп

 

Кедергілерден бірге өтейік!

Автор: admin от 28-02-2024, 23:43, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде педагогикалық ұжымдағы кәсіби эмоционалды қажу мен кикілжіндердің алдын алу мақсатында мектеп ұжымына «Кедергілерден бірге өтейік!» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Кедергілерден бірге өтейік!
Кедергілерден бірге өтейік!

Категория: Мектеп

 

Зорлық зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!

Автор: admin от 28-02-2024, 23:42, посмотрело: 11

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде «Зорлық зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!» «Заманауилықтық біз білмейтін теріс жақтары» тақырыбында кеңестер берілді. 10 сынып білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту. Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беріп, пікір алмасты.
Өткізілген күні: 20.02-23.02
#Жамбыл_психология айлық_2024
Зорлық зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!
Зорлық зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!
Зорлық зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!

Категория: Мектеп

 

Ата- аналарымыздың біз білмейтін қырлары

Автор: admin от 28-02-2024, 23:40, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде "Ата- аналарымыздың біз білмейтін қырлары» «Айналамыз толған жақсы адамдар» тақырыбында кездесу өткізілді. Ата – аналардың мектеп өмірімен тығыз байланысын арттыру, балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату мақсатында сынып жетекшілер тарапынан ұйымдастырылған ата-аналармен кездесу кеші өткізілді.
Өткізілген күні:19.02-20.02.
#Жамбыл_психология айлық_2024
Ата- аналарымыздың біз білмейтін қырлары
Ата- аналарымыздың біз білмейтін қырлары

Категория: Мектеп

 

Біздің күшіміз бірлікте!

Автор: admin от 28-02-2024, 23:39, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 6 сынып оқушыларымен «Біздің күшіміз бірлікте!»тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Өткізілген күні: 16.02
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Біздің күшіміз бірлікте!
Біздің күшіміз бірлікте!

Категория: Мектеп

 

Жақсы сөз жанға демеу

Автор: admin от 28-02-2024, 23:38, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 5-7 сынып оқушыларымен «Жақсы сөз жанға демеу» тақырыбында тренинг өткізілді. Жақсы сөз айтуға баулу,айналаға жақсы көңіл-күй сыйлау, бір ауыз жылы сөз риясыз күлкі сыйлайтынына куәгер болу мақсатында
«Жақсы сөз жаңға демеу» атты акция жүргізілді.
Мектеп белсенділері жақсы сөз туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ұстаздардан сұрап шықты.
Өткізілген күні:15.02
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Жақсы сөз жанға демеу

Категория: Мектеп