Осы айтулы мерекеге орай М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) директоры А.Сихимова қыркүйек айының 6-16 жұлдызы күндеріне «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған іс -шара жоспарын бекітті.
Мектебімізде 6 қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты мектеп акт залында өтті. Мектеп директоры мұғалімдер мен оқушыларды «Қазақстан халқы тілдері күнімен» құттықтап , жүрекжарды тілек білдіріп , тамаша жыр толғауларын жолдады. Салтанатты мереке 9 «Б» сынып оқушысы Бодаубек Назеркенің орындауында «Атамекен» әнімен ашылып, бағдарлама барысында ән айтылып, күй тартылып және мәнерлеп көркемсөз оқылды.

























































