"Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл!

Автор: admin от 28-02-2024, 23:33, посмотрело: 14

0 2024 жылдың 21 ақпанында Мұқағали Мақатаев тірек орта мектебінде (РО) 11 "Б" сынып жетекшісі А.Қ. Бақтыбековичтың ұйымдастыруымен "Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл! атты танымдық сағат өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты: оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке тәрбиелеу. Әлияның ерлігіне үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену, тану. Әлия Молдағұлова - кеңес мергені, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры. Даңқты батыр қыздың өмірі мен майдандағы өшпес ерліктері туралы слайд-презентация көрсетілімі қойылды, "Әлия майданға келуі", "Әлияға тапсырма", "Сапураға хат" "Әлиямен жүздесу" көріністері қойылды, патриоттық өлеңдер айтылды. Танымдық сағат қысқы сессия аралығында өткізілуіне байланысты М.Мақатаев оқушыларымен қатар магниттік мектептер Ш.Мұртаза, Алға, Еңбекші, Жайсан орта мектеп оқушылары да танымдық сағатқа белсене қатысып, сұрақ-жауаптар қойылып, іс-шараның тарихи мазмұнын қызықтыра түсті. Іс-шара барысында оқушыларға батыр қыздың өмір жолы мен оның ұрыс алаңында жасаған ерлігі көрсетілді. Автоматты уақытқа шашып-жинау сайыстарында, қойылымдарда, "Әлияның жүрегі" "Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі" өлеңдерін мәнерлеп оқуда Жайсан орта мектебінің оқушылары белсенділік танытты, 11 сынып оқушылары соғыс кезіндегі әскери вальс биін орындап, көрермендердің ілтипатына бөленді. Отан үшін отқа түскен батырдың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері және оқушыларға сөз беріліп, өз ойларын білдірді, директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева қорытындылады. Танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.
"Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл!
"Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл!
"Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл!

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.