Халқының сүйіктісі-Аяз ақын

Автор: admin от 18-02-2022, 21:55, посмотрело: 90

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің кітапханасында 18.02.2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары: Д.Солтанбаева, А. Сабралиева, Б.Құсаинова ақын-сазгерге арналған еске алу кешін өткізді. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын-сазгер, жыршы-термеші, Шу ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Аяз Бекетайұлы Бетбаевтың 80-жылдық мерей тойына орай « Халқының сүйіктісі-Аяз ақын» атты 8-9 сыныптар арасында ақынды еске алу кеші өтті. Оқушылар термешінің өмірі мен дереккөздері туралы толық мағлұматтар алып, өз ойларын сұрақтар қою арқылы өрбітті.
Қыдыр дарып, бақ қонған Шу топырағынан ел бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар ғана емес, сөз бастаған шешендер мен ақиық ақын-жазушылар да көптеп шыққаны белгілі. Киелі де қасиетті Шу өңірінде қазақтың ұлттық өнеріне, жыр, термелеріне сусындап өсіп, Жамбыл, Сүйінбай, Кенендердің өнерін жалғастырып, маңдайына ақындық тағдыр жазылып, таңдайына тәтті үн ұялаған, даланың жырын, дананың үнін көкейіне қондырып, болмысына сөз сиқыры дарыған тума талантқа бас иеміз.

Халқының сүйіктісі-Аяз ақын
Халқының сүйіктісі-Аяз ақын
Халқының сүйіктісі-Аяз ақын

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.