Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі

Автор: admin от 28-09-2022, 01:49, посмотрело: 249

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыз баланың әдепті,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу мақсатында
қыздар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде
1 )Қыздарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру
2)Мектеп формасы
3)Қыз балаларының жеке гигенасы
4)Әр түрлі мәселелелер
Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі
Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі

Категория: Мектеп

 

Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс

Автор: admin от 28-09-2022, 01:48, посмотрело: 286

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі және кәмелетке толмағандардың көшеде түнгі сағат 23:00 беймезгіл уақытта жүрмеуі туралы басты назарда екендігін айтты.
Күн тәртібінде
1 ) Ұлдарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру
2)Мектеп формасы
3)Қыз балаларының жеке гигенасы
4)Әр түрлі мәселелелер
Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс
Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс

Категория: Мектеп

 

Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кубербуллинг

Автор: admin от 28-09-2022, 01:27, посмотрело: 186

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы 2021-2022 оқу жылының қорытынды есебін беріп, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда екендігін атап айтты.
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары Мырзаханова Лаура Ауесханқызы балалардың қауіпсіздігі,балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандардың көшеде түнгі сағат 23:00 беймезгіл уақытта жүрмеуі, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар деп ескертті.
Мектеп психологі Тулебаева Құралай «Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кубербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кубербуллинг
Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кубербуллинг
Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кубербуллинг

Категория: Мектеп

 

Жас Ұлан

Автор: admin от 22-09-2022, 01:29, посмотрело: 247

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 22-қыркүйек күні кезекті Ұланбасын сайлауы болып өтті. Ұланбасын сайлаудағы мақсат: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды.Сайлау алдында бір жұма бұрын талапқа сай осы лауазымға 6 кандидат өз өтініштерін берді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның мүшелері 8- сынып оқушылар санынан қатысты. Кандидаттар өзінің сайлау алдындағы науқанды бағдарламамен таныстырып, алдағы жылда жасайтын жұмыс жоспарын нақты көрсетті. Сайлауға: 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сайлауды 3 адамнан құралған сайлау комиссиясы өткізді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның мүшелері: сайлау комиссиясының төрайымы Құрманғали Ұлжан, сайлау комссиясының мүшесі: Конрат Диас, Ниетбек Әсель. Дауыс беру қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Истибаев Адлет ең көп дауыс жинап, мектеп Ұланбасы болып сайланды. Салтанатты жиында 2019-2022 оқу жылында Ұланбасы болған Құрманәлі Ұлжан Ұланбасы төсбелгісін Истибаев Адилетке тағып, өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдірді.

Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан

Категория: Мектеп

 

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Автор: admin от 21-09-2022, 06:36, посмотрело: 219

0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Шу ауданының білім бөлімінің
«Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі» (РО)
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы
Күн тәртібінде:
1."Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау нормалары
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Г.Есболганова сөз алып, педагогикалық этика нормаларына сәйкес төмендегі бұйрықтарды баяндады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 Педагогикалық әдеп қағидалары туралы жалпы ережелермен;
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 34-1 педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бап. Педагогтік әдеп 3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес 1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешімі:
1.Берілген ақпаратты ескере отырып, әрі қарай жұмыстар жалғасын тапсын.
2.Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары қатаң сақталсын.

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы
Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Категория: Мектеп

 

World Cleanup day

Автор: admin от 17-09-2022, 01:33, посмотрело: 131

0
Мұқағали мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 17 қыркүйек күні «World Cleanup day» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: қоршаған ортаның тазалығына көніл бөле отырып, жауапкершілік пен таза ұстауға баулу. Бүгінгі акцияға мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының белсенді жастары да санитарлық тазарту мен көгалдандырудың сенбілік акциясына белсене қатысты.

World Cleanup day
World Cleanup day
World Cleanup day

Категория: Мектеп

 

World Cleanup day

Автор: admin от 17-09-2022, 01:32, посмотрело: 63

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 17 ші қыркүйек күні «World Cleanup day» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен бүгінгі Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұжымы да санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік акциясына белсене қатысты

World Cleanup day
World Cleanup day

Категория: Мектеп

 

Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл

Автор: admin от 16-09-2022, 00:39, посмотрело: 63

0 «Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып –деген сөздерді өз халқына арнап жазған ұлы ағартушы, ұстаз, ақын, ғалым, зерттеуші Ахмет Байтұрсыновтың туғанына150 жыл. Ол қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Ұлт маңдайына біткен тұлға туған тіліне деген құрметі жоғары болды,оны бәрінен биік қойды.
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Қазақстан халқы тілдері» күні мерекесіне орай 14- қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл» тақырыбында жас мамандармен аудандық дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың Мәңгілік ел болу жолындағы атқарған еңбектері, ағартушылығы, даналық ойлары, ғылым мен мәдениеттің көсегесін көгерткендегі халық үшін еткен еңбегін насихаттау. Дөңгелек үстелге жиналаған жас мамандар ғалым еңбектерінің кешегі, бүгінгі, ертеңгі болашаққа ой тастар құнды ойларын ортаға салды. Бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отырған Тіл мәртебесінің маңыздылығы өскелең ұрпақтың қолында екенін, оны қастерлеп, құрметтеу керек екенін айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл
Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл

Категория: Мектеп

 

Қазақстан халқа тілдер күні

Автор: admin от 12-09-2022, 00:37, посмотрело: 65

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Қазақстан халқа тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл –халық мұрасы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына ,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Қазақстан халқа тілдер күні
Қазақстан халқа тілдер күні
Қазақстан халқа тілдер күні
Қазақстан халқа тілдер күні

Категория: Мектеп

 

Отбасы – бақыт мекені

Автор: admin от 9-09-2022, 00:31, посмотрело: 185

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 5 – 11 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өткізілуде.
Осыған орай мектебімізде Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
05 – 09 қыркүйек аралығында «Менің жанұям» тақырыбында бастауыш сыныптарында сурет байқауы өткізіліп , онда оқушылардың отбасымен туралы суреттері салынды. Ең жақсы салынған суреттер мадақталып, мақтау қағаздары берілді.

Отбасы – бақыт мекені
Отбасы – бақыт мекені
Отбасы – бақыт мекені
Отбасы – бақыт мекені
Отбасы – бақыт мекені

Категория: Мектеп