Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Наурыз мерекем - Наурыз берекем

Автор: admin от 15-03-2024, 01:57, посмотрело: 5

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Наурыз мерекем-Наурыз берекем" аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету акция өткізілді.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп,бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті де қастерлі мерекемізге орай мектеп әкімшілігі тарапынан аз қамтылған 4 отбасына азық-түлік берілді.
Қорытынды: Аз қамтылған көп балалы 4 отбасына азық-түлік сыйға тартылды.
Өткізілген күні 14.03.2024ж
Наурыз мерекем - Наурыз берекем
Наурыз мерекем - Наурыз берекем
Наурыз мерекем - Наурыз берекем
Наурыз мерекем - Наурыз берекем

Категория: Мектеп

 

Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер

Автор: admin от 15-03-2024, 01:56, посмотрело: 2

0 14 наурыз күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 6 «В» сыныбында жоспарға сай бекітілген Қаратай Тұрысовтың 90 жасқа толуына орай «Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға еліне еңбегі сіңген қайраткердің өмір жолымен таныстыру. Балалар Қаратай Тұрысовтың еңбектерін бейне роликтер арқылы тамашалады. Ол тәуелсіздікке дейін пісіп-жетілген тарлан тұлға болатын. Қазақстан делегациясын бастап барған бірінші қазақ және Төлеген Тәжібаевтан кейін жоғары мінбеден сөйлеген екінші қазақ, – деді мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев.
Ал тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда атқарған еңбегі де өз алдына бір төбе.Қаратай Тұрысов қазақ геологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көктасжал кен орнын алғашқы ашқан тұлға болатын. Ол Орталық Қазақстанның кенді аймақтарының геологиялық картасын жасау ісіне сегіз жыл бойы үлес қосты. Одан Қаражол, Қарағайлы, Жәйрем, Бетпақдаланың тау-тасын кезіп, жаңа кен орындарын іздегені туралы оқушылар мағлұмат алып, танымдық сағат соңында ойларына түйгендері бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікірталас жүргізді.
Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер
Еңбегімен елінің құрметіне бөленген қайраткер

Категория: Мектеп

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Автор: admin от 15-03-2024, 01:54, посмотрело: 1

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" айлығында 10 сынып оқушыларымен
Армандарды қалай жүзеге асыруға болады тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту,армандар мен мақсаттарын нақты айқындап,қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру,мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы айту.
Сыр сандық және мен саған сенемін тақырыбында тренингтер өткізілді.
Сонымен қатар слайдтар көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Категория: Мектеп

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Автор: admin от 15-03-2024, 01:53, посмотрело: 0

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" атты айлығында 8 сынып оқушыларынан "Мен және менің болашақ кәсібім" тақырыбында эссе алынды.
Сонымен қатар 5-6 сыныптармен "Мен нені қалаймын"
тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың ұшқыр ойын,сөздік қорын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қорытынды: сурет, эссе байқауларында жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар марапатталып, сыйлықтар берілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Категория: Мектеп

 

Қалың қалай жас маман

Автор: admin от 15-03-2024, 01:51, посмотрело: 1

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) жас мамандармен "Қалың қалай жас маман" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету, психологиялық ахуал қалыптастыру.
Барысы:
Тренинг сәлемдесу жаттығуымен басталды.
"Менің болашағым"-релакс, "Жаңбыр" сергіту жаттығуы, "Кім өзін жақсы мақтайды" тақырыбында тренингтер жүргізілді.
Қорытынды: жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, нақты пікірлер айтып тренингке белсене қатысты . Жас мамандарға кеңестер берілді.
Қалың қалай жас маман
Қалың қалай жас маман

Категория: Мектеп

 

Ардагермен кездесу

Автор: admin от 14-03-2024, 01:44, посмотрело: 1

0 12 наурыз күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі кітапханасында 6 «г» сынып оқушыларының қатысуымен Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымының докторы, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Барыс» ордендерінің иегері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған еске алу бұрышы ұйымдастырылып, өмірі мен еңбек жолына шолу жасалды. Ол кісінің сол ашаршылық заманмен тұспа-тұс келген қиын кезеңде Қазақстанның бір түкпірінде туып, қазақ мектеп-интернатын бітіріп, өзінің өжеттігінен ештеңеден тайсалмай, анау-мынау емес жер түбі Мәскеуде білім алып, өзінің саналы ғұмырын туған елінің өсу, өркендеу, одан тәуелсіз ел ретінде қалыптасу, іргетасын бекіту жолында өмірін сарп еткендігі туралы баяндама жасалып, теледидардан Қаратай Тұрысов жайлы деректі фильм көрсетілді.Еске алу бұрышына Қаратай Тұрысовтың фотосуреті, ол кісі жайлы жазылған кітаптар, дәйексөздер қойылды. Оқушылар өз ойларын айтып белсене қатысты.
Ардагермен кездесу
Ардагермен кездесу

Категория: Мектеп

 

Конкурс

Автор: admin от 12-03-2024, 06:33, посмотрело: 6

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Үйірме жетекшісі» 0,5 бірлік (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 60000-70000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 12.03.2024-20.03.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 27.03.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Автор: admin от 12-03-2024, 00:41, посмотрело: 4

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" атты айлығында мектеп психологтары 9-шы сынып оқушыларымен "Мамандықты дұрыс таңдау - баланың бақытты болу кепілі" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Болашақ мамандық таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыру, кәсіби мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
"Мамандықты қалай таңдау керек"-ойын тренинг, "Нарықта сұранысқа ие мамандықтар", "Жойылмайтын мамандықтар", "Жойылып бара жатқан мамандықтар" тақырыптарында слайд арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Категория: Мектеп

 

Кәсіптік бағдар беру

Автор: admin от 11-03-2024, 00:32, посмотрело: 6

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебінде
"Кәсіптік бағдар беру"айлығының жоспарына сәйкес
5 сынып оқушыларымен"Менің таңдауым-менің болашағым тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету.
Нарық талабына байланысты ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескере отырып,қызыққан мамандықтарына бағыт беру арқылы саналы таңдауға баулу.
Оқушылар өздері қалаған мамандықтар туралы сурет салды,суретке байланысты әңгіме құрастырып өз ойларын жеткізе білді.
Кім тапқыр,
мен қаладым тренингтер өткізілді.
Оқушылар тренинг барысында тапқырлықтарын,
жылдамдықтарын,
ұшқыр ойларын көрсете білді.
Өткізілген күні 5.03.2024ж
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру

Категория: Мектеп

 

Менің болашақ мамандығым

Автор: admin от 11-03-2024, 00:26, посмотрело: 5

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебінде 2 сынып оқушыларымен "Менің болашақ мамандығым"
тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, мамандық таңдай білуге бағыт беру.
Тренинг сәлемдесу жаттығуымен басталды.Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып сәлемдесті.
Төрт құбылыс, ептілік,сиқырлы доп тақырыбында тренингтер өткізілді.
Қорытынды: Оқушыларға әр мамандықтың адам өміріндегі маңызы,орны,қажет екені туралы түсінік қалыптасты.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым

Категория: Мектеп