Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

50+

Автор: admin от 22-02-2024, 04:30, посмотрело: 25

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 7 сынып оқушыларына «50+» жобасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді
Жобаның мақсаты: Оқушылардың химия,биология,математика,физика пәндерінен функционалдық сауаттылығын, қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, жеке жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру,сонымен қатар шығармашылық, логикалық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту үшін білім ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Міндеттері:
пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру;
өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;
білім сапасын бағалаудың шынайлығын, дұрыстығын арттыру;
ОқушылардыҰБТ-ға, олимпиадаға дайындық кезінде пәндер бойынша терең білім алуға жағдай жасау;
Оқушылардың математикалық және жаратылыстану бағытындағы
Химия 50 + элемент
Биология 50+ термин
Физика 50+ формула
Математика 50+ формулалады меңгеруі
Барлық пәндерден 50 + есеп шығрауға дағдыландыру
«Есептер» challenge жылдам есеп шығаруға бейімдеу
Сонымен қатар дайын оқушылар әртүрлі олимипиадаларға, байқауларға қатысуға мүмкіндік алатыны да айтылды.
50+
50+

Категория: Мектеп

 

Бракераж

Автор: admin от 21-02-2024, 21:25, посмотрело: 19

0
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж

Категория: Мектеп

 

Биология ғажайып әлемі

Автор: admin от 21-02-2024, 04:28, посмотрело: 20

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) 2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының ұйымдастыруымен «Биология ғажайып әлемі» атты кеші өтті. Кештің мақсаты: Биология пәнінен өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, биология әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділіктерін қалыптастыру. Биологиялық кешіміз екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңде болашақ биолог зерттеушілері өздерінің таңдаған тақырыптарына сәйкес зерттеу жұмыстарымен таныстырып шықты.
1. «Су – тіршілік көзі» Ақберген Айзат М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
2. «Біз және экология» Мұхаметкерім Арайлым Жайсан орта мектебі
3. «Арал мен Балқаш тағдыры» Оразхан Данагүл Ш.Мұртаза орта мектебі
4. «Көз біздің айнамыз» Боранбаева Жансая М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
5. «Газдалған сусындардың ағзаға зияны» Жеңіс Ермұхаммед Жайсан орта мектебі
6. «Дұрыс тамақтану» Есенқұл Асылайым М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
7. «Темекінің зияны» Нұрқасым Ерасыл М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
Зерттеушілердің тақырыпты ашуы көрермендердің көңілінен шықты. 2 кезең көрермендер ортасынан бес мектеп оқушыларынан белсенді 2 топ құрап, биологиялық бес категориядан тұратын сайыс ұйымдастырылды.
1. Ең, ең, ең
2. Логика биологиядан
3. Әзілді биолгия
4. Мозайка
5. Биолгиялық жұмбақтар
Оқушылары керемет тартысты, білімділер додасы болды. Қорыта келе барша қатысушыларға кешті ұйымдастырған биология пәні мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызы марапаттау қағазын табыстады. Көрермен ұстаздар мен оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлерімен кері байланыс жасады. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) директорының ресурстық ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы оқушыларға арнап сөз сөйлеп,өз ризашылығымен бөлісті.
Биология ғажайып әлемі
Биология ғажайып әлемі

Категория: Мектеп

 

№ 9 хаттамасы

Автор: admin от 20-02-2024, 05:17, посмотрело: 27

0
№ 9 хаттамасы
№ 9 хаттамасы
№ 9 хаттамасы
№ 9 хаттамасы
№ 9 хаттамасы
№ 9 хаттамасы

Категория: Мектеп

 

Құқықтық кеңес беру

Автор: admin от 20-02-2024, 04:25, посмотрело: 19

0
19.02.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО), «Құқықтық кеңес беру» айлығының жоспарына сәйкес, Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналдық бөлімшесінің полиция лейтенанты Кыздарбеков Нариман Акбергенович мектептің 8-11 сынып оқушыларымен «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын камтамасыз ету» тақырыбында, құқықтық нормалар мен жалпы адамзаттық құндылықтарының байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру, мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Категория: Мектеп

 

ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Автор: admin от 20-02-2024, 04:23, посмотрело: 18

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясының салтанатты жиының жабылуы.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарың басы бұзылмағаны қандай жақсы. Салтанатты жиынға оқушылар белсене қатысты.
ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Категория: Мектеп

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Автор: admin от 19-02-2024, 21:21, посмотрело: 17

0 ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы нөмірі 57 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын" негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымына төмендегі үміткерлермен 2024 жылдың 20 ақпан күні сағат 15.00 де конкурс өтетіндігін хабарлайды.
Конысбаева Гульзат Нуридиновна – информатика пәні мұғаліміне.

Категория: Мектеп

 

Вечная память воинам – Афганистана!

Автор: admin от 18-02-2024, 04:21, посмотрело: 13

0 16 ақпан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Вечная память воинам – Афганистана!» тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Бұл шараны өткізуде оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсат етілді. Іс-шара барысында слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері, естеліктер көрсетілді. Оқушылар тақырыпқа сай көріністер көрсетіп, өлең жолдары мен әндер айтып, батырлар биі және әскери тақырыпта билер биледі. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері Жансейітов Асет Тұрғанұлы және Тажиев Бейбітжан Калыкович келді. Оқушылар ардагерлерге ойларында жүрген түрлі сұрақтарын қойып, әдемі сұхбат орын алды. Іс–шара барысында алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, өскелең ұрпақтың есінде қалар өте әсерлі кездесу болды.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
Вечная память воинам – Афганистана!
Вечная память воинам – Афганистана!

Категория: Мектеп

 

Өлең оқы, ән сал, жаным

Автор: admin от 18-02-2024, 04:19, посмотрело: 11

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің сессия барысында 10-11 сыныптардың бірінші бес күндігіне орай 16 ақпан күні Дауталиева Рабиға Әлімқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған,, Өлең оқы, ән сал, жаным '' деп аталатын әдеби-музыкалық іс-шара өтті.
Мақсаты :ақынның өлеңі мен әндерін кеңінен оқуды, жаттауды насихаттау.
Барысы :
1-4 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жеке-жеке қысқаша айтып өтті.
Бастауыштың ата-аналары өз балаларымен өнер көрсетті.Оқушы және ата-ана бірігіп, ақынның өлеңін жатқа айтып, әндерін орындады.
Кеш жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қатысқан оқушылар мен ата-аналарлың қуанышында шек болмады.
Кеш соңында мектебіміздің эксперимент ісі жөніндегі орынбасарлары Б. Жексенбаева мен А. Пазылбекова сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Ал, қатысушылар да құр алақан қалмады. Оларға әр сыныптың ата-аналары демеушілік танытып, сыйлықтар тарту етті.
Өлең оқы, ән сал, жаным
Өлең оқы, ән сал, жаным

Категория: Мектеп

 

Бақытты балалық шақ

Автор: admin от 16-02-2024, 04:13, посмотрело: 13

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы кезінде 2-4 сынып оқушыларымен "Бақытты балалық шақ" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тренинг барысында: оқушылармен
"Амандасу", "Екі жұлдыз , бір тілек", "Тазарту", "Автопортрет" ойындар жаттығулар өткізілді.
Өткізілген күні: 12-16.02.2024
Жауапты: Мектеп психологтары
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ

Категория: Мектеп